Бір күні оқу пәндері өздерінің пайдасы туралы айтысады. Айтысты математика пәні бастайды. – Мен – барлық пәндердің патшасымын. Адамдарға санауды, сандарды қосу мен азайтуды үйретемін, - деп мақтанады. – Ал мен әдемілікті түсінуді үйретемін. Олар мен арқылы сурет салады, – дейді өнерпәні. – Ал мен қазақша түсінуді үйретемін. Олар мен арқылы сауатты жазады және оқиды,- дейді қазақ тілі пәні. Айтысқа басқа пәндер де араласып кетеді.