В дыбысы 24 20. Мәтінді оқы. «Велосипед» сөзі «желаяқ» деген ұғымды білдіреді. Оның түрлері көп. Автомобильдің жүк салғышына сыйып кететін шағын немесе жиналмалы велосипед- тер бар. Оларды жолаушылар өзімен бірге трамвай, автобусқа алып кіре береді. Велосипед қоршаған ортаға қауіпті емес. Велосипед тебу – аяқ бұлшық еттерін жаттықтырып, сені шы- мыр қылады. Сондықтан оны басты көлігің ретінде таңдауың экологияның жақсаруына қосқан үлесің бо- лып саналады. • Мәтін не туралы? • Мәтін мазмұны бойынша сұрақтар құрастырыңдар. • Мәтіндегі в дыбысы бар сөздерді тауып, бұл дыбыстың ай- тылу ерекшелігін байқа. «Велосипед – пайдалы көлік» тақырыбында өз ойыңмен бөліс.
1. Мәтін ВЕЛОСИПЕД туралы, демек темасы солай аталады.
2. -Велосипед қандай ұғым білдіреді?
- Оның қандай түрлері бар?
- Велосипед қоршаған орта үшін қауіпті ме? неге?
- Оның денсаулыққа пайдасы қандай?
3. велосипед, автомобиль, трамвай, автобус - барлығы өзге тілден келген сөздер.
4. Велосипед қоршаған ортаға мүлдем қауіпті емес. Өйткені басқа көліктер сияқты ауаға зиянды газдарды шығармайды. Оның үстіне жанар-жағармай сияқты қосымша шығынды талап етпейді. Сондықтан велосипедті таңдауымыз экологияны жақсартуға қосқан үлесіміз.
Велосипед тебудің адам денсаулығына да біраз пайдасы бар. Әсіресе адамның жүрек-қантамыры мен бұлшықеттеріне пайдасы көп.
Объяснение:
Төртінші блоктағы «Велосипед – пайдалы көлік» тақырыбындағы ойыңыз.