УМОЛЯЮ составте ПОПС
Бүгінде жолаушылардың көпшілігі жерасты жолдарын, әсіресе метроны көп пайдаланады. Өйткені метро жолаушылар үшін өте колайлы келік. Метро, негiзiнен, улкен калаларда (миллионнан астам халкы бар) салынады. Алматы метрополитені - әлемдегі ең жана метро. Ол 2011 жыл дын 1 желтоқсанында іске қосылды. Бұл нысан Қазақстандағы алғашқы, Орталық Азияда екінші (Ташкент метрополитенiнен кейін) және ТМД-дағы он алтыншы метрополитен саналады. Метро аз уақыттың ішінде алматылықтар мен қала конактарының сүйікті орнына айналып үлгерді. Оның ұзындығы - 8,56 шақырым. Пойыз жолдын бір басынан екіншісіне дейін 10 минутта жетеді. Жүру жиілігі 6 минут. Жол жүру акысы смарт-карта мен смарт-жетон арқылы төленеді. Алматы метросының бірінші желісінде 9 бекет бар ("Райымбек батыр", «Жібек жолы», «Алмалы», <<Абай», <<Байконыр», «Әуезов атындағы драма театры>>, "Алатау", «Сайран», «Мәскеу»). Бастапқы "Райымбек батыр" бекеті Н.Назарбаев көшесі мен Райымбек даңғылының қиылысында орналасқан. Соңғы «Мәскеу» бекеті Абай дангылын бойлай Өтеген батыр Алтынсарин көшелерінің киылысында орналасқан. Әр бекет өз атауына сай ұлттық нақышта, ою-өрнекпен безендірілген. Сонымен бірге метро сонгы техноло гиямен жабдықталған.