УМОЛЯЮ ПОМГИТЕ УЖЕ КТО НИБУДЬ ПОЖЛУЙСТА 1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен 1-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі - қазақ тілін оқып-үйренеміз.
Үштілді білу – үлкен өнер
Уақыт – ұлы күш
Жердегі климаттық өзгерістер
Оқылым. Мәтінді мұқият оқып, тапсырмаларды орындаңыз.
2-нұсқа
Болашақтағы климат
Климаттың ғаламдық жылынуы фантастика ретінде қабылданатын. Бүгінгі күні
ғаламдық денгейде болып жатқан климаттың өзгеруіне көптеген дәлелдер бар.
Қазақстанда ауаның орташа жылдық температурасы 1936 жылдан бастап 2005
жылдар арасында әрбір 10 жыл сайын 0,31 С градусқа жоғарылап отырған. Соңғы 50
жылда Іле Алатауының солтүстік бөктеріндегі мұздықтардың ауданы 41 пайызға
қысқарған. Үкіметаралық сарапшылар тобының (КӨҮСТ) болжамдары бойынша егер
климаттың өзгеруі мен күннің жылынуы осы қарқында өрбитін болса, XXI ғасырдың
ортасында орташа температура 6 градусқа жоғарылауы мүмкін.
Бұл өз кезегінде 2 градусқа жылынудың өзі кері салдарға әкеп соғатын күрт
континенталды Қазақстан үшін орасан зор апат болып табылады. Бүгінгі күннің өзінде
еліміздің территориясының 75% экологиялық тұрақсыздық тәуекеліне ұшырап отыр.
Алапат ыстық, құрғақшылық. Тіршіліксіз шөл даланың аумағы солтүстікке қарай 300-
400 шақырымға жылжиды. Су ресурстарының жетіспеушілігі мал жайылымдарының
азаюына әкеліп соғады және ауыл шаруашылығына ауыр соққы болып табылады.
«Қазақстанда климаттық тәуекелдерді басқару» БҰҰЖЖ жобасы мамандарының
пайымдауынша табиғаттағы процестердің белгілі бір циклға бағынатынына
қарамастан температураның жаһандық жоғарылауы нақты дәйек болып табылады.
Қазақстанда температураның жоғарылауы жауын-шашын мөлшерінің артуымен өтеліп
отырған жоқ, бұл белгілі бір тәуекелдерге алып келеді. Бізді алда өзендердің ағысының
өзгеруі күтіп тұр, экстрималды табиғи құбылыстары көбейеді, жаңа табиғи аномалды
құбылыстар пайда болады.
Инна Колтаевская
(186 сөз)
Тапсырма. 1 Сұрақтарға жауап беріңіз. Жауабын дәлелдеңіз.
1 Сұрақ: Қазақстандағы болуы мүмкін апаттың басты белгісі не?
Жауап:
[1]

неге? Себебі,
2 Мәтінде қандай мәселе көтеріледі? Себебін жазыңыз. [1]

3.«Болашақта экстрималды табиғи құбылыстары көбейеді, жаңа табиғи аномалды құбылыстар
пайда болады» деген автор пікірімен келісесіз бе? Ойыңызды дәлелдеңіз. [1]

4.Төмендегі сұраққа бір сөйлеммен жауап беріңіз. [1]
Мәтінде климат өзгеруінің қандай себептері көрсетілген?

2 Мәтінге қорытынды жасаңыз.
[1]
Жазылым. Ұсынылған тақырыптардың бірін таңдаңыз. Эссе құрылымы мен
дамуын сақтап, көтерілген мәселе бойынша келісу-келіспеу себептерін айқын
көрсетіп жазыңыз.
Эссе
Басы : 10 сөйлем
Ортасы: 30 сөйлем
Соңы: 10 сөйлем
Ұсынылған тақырыптар.
"Тіл білу - заман талабы" деген оймен келісемін\ келіспеймін
"Уақыт – ең қымбат байлық" деген оймен келісемін\ келіспеймін
Қазіргі жастар бос уақытын телефонда өткізеді" деген оймен келісемін\
келіспеймін
"Ауа райының өзгеруі денсаулыққа әсер етеді" деген оймен келісемін\
келіспеймін

dobrotina90 dobrotina90    3   03.11.2020 08:38    2

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi