Уақыт – ақсүйектікті мойындамайды. Ханға да, қараға да берілетін мерзім – тәулігіне жиырма төрт сағат. Дүниеде уақыт белгілегеннен артык демократия жок. Мұндағы ақсүйектік уакытты пайдалануға
байланысты, кім уақытын бағалай білсе, сол ғана тектілердің қатарына қосылмақ.
Адам уақытты сезінгенде ғана өзін-өзі қадағалап отырады. Өзіне-өзі бағыт белгілейді. Дүниедегі ең
жаман дерт - еріншектікті жеңеді. Өзін нағыз адам етіп тәрбиелеп шығады. Бүгінде іскерлер әлемін
басқаратын - ұлы мәртебелі уакыт.
Адамның әрбір күні, әрбір сағаты мақсатсыз өтпеуі керек. Өмірдегі әрбір уақытын, өз бойындағы қайрат-
жігерін, ақыл-ойын өмірге, өзі өмір сүріп отырған қоғамға жұмсап, қалтқысыз еңбек етуге, сөйтіп өзі үшін
де өзгелер үшін де игіліктер жасауға жұмсауы керек. Уақыт бізбен санаспайды, тез өтіп кетеді. Сондықтан
өмірдің әрбір сәтін бір күндік қызықтармен ғана қор қылмай, өмірдің ізсіз, мазмұнсыз болмауын қадағалау
керек.
(Мәтінhttp://testent.ru/pub/studenty/kazak tili sabagi/ua yt altynnan da ymbat/3-1-0-2970 сайтынан алынды,
қысқартылып берілді) 179 сөз.
6. Мәтіндегі негізгі ойды анықтауға көмектесетін бірнеше тірек сөздер мен сөз тіркестерін жазыңыз:
_[1]
]
7. Мәтінде көтерілген мәселені 1 сөйлеммен жазыңыз:
[
1]
8. Мәтіннен маңызды 2 дерек теріп жазыңыз:
[1]
9. Уақыт деп аталатын капиталды дұрыс пайдалану үшін әрекет жасау керек екенін айтып, досыңызға кеңес
беріңіз, өз ойыңызды мәтіннен деректер келтіріп жеткізіңіз:
Біріншіден,
Екіншіден,
[2]
Жазылым.
10. «Тіл үйрену қиын емес» тақырыбына көмекші есімдерді қолданып, келісу-келіспеу себептерін көрсетіп,
құрылымы мен дамуын сақтап эссе жазыңыз.
Көмекші есімдер: алды, арты, асты, үсті, жаны, қасы, арасы.
[5]
Айтылым.
11. Тақырыптардың бірін таңдап, ұсыныс, өтініш, кеңес беру формаларының бірін таңдап, жұптасып диалог
құрыңыз. Ұлттық сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын қолданыңыз.
1) Тіл үйрену курстарына барғым келеді,
2) Уақытты дұрыс ұйымдастыру – іскер адамның қасиеті.
3) Табиғатқа зиян келтірмейік.
[5]


Уақыт – ақсүйектікті мойындамайды. Ханға да, қараға да берілетін мерзім – тәулігіне жиырма төрт саға

Сасаев Сасаев    1   29.10.2021 21:44    6

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi