У МЕНЯ СОР! Үлкендер Ахметтің сөзін қостады, бала-шаға жағы Зигфридті бірден мойындамады. Маңына көп жолай қоймайды. Әкесінің қасында жүрген кезде ғана дұшпандық ниет танытпайды. Онда да беріліп ойнамайды. Үлкендердің көзі тайған сәтте балалар Зингфридтің бірдеңесін тартып алуға бейім тұрады.
Бірақ Зигфрид кекшілдігі жоқ, жайдары бала боп шықты. Көбіне жалғыз ойнайды. Әкесінің тымағын айналдырып киіп, көк шыбықты ат қып мініп, күнұзақ үйінің қасында ойнайды. Бала көрінсе болды, қол бұлғап шақырады. Қарамаса соңынан жүгіреді. Тек алысқа ұзамайды.
Зигфрид қазақша сөйлей бастағаннан бері ауыл балаларымен достаса бастады. Кейбір балалар өзі іздеп келетін болды. Оларды тартқан Зекен бе, Зекеннің апасы алдарыма қоятын тостаған толы май бидай ма, әлде тұлпар даңқы бар жиренқасқа ат па — тек осы арасын ажырату қиын еді.
Зигфрид кім келсе де жақсы қарсы алады. Бар-жоқтыны адал бөлісіп жеген соң, беті сүйекпен зерленген қазақы ағаш төсектің басына ілулі тұрған дорбаны алып, асықтарын жерге төгеді. Әкесі асықтарды бір күнде жинап, қынамен бояп берген сары ала, қызыл күрең асықтар.

1. Қандай кейіпкерлер бар?

2. Зингфрид қандай бала?

3. Зингфрид немен ойнайды?

4. Олардың жейтін тамақтары не?

5. Мәтінде кездесетін сын есімдерді теріп жазыңыз.

eeeevaa eeeevaa    3   14.05.2020 07:28    3

Ответы
evgeniaberezka evgeniaberezka  14.10.2020 17:52

1)Зингфрид,әкесі,апасы,ахмед,бала-шаға.

2)Зингфрид-кекшілдігі жоқ, жайдары бала.

3)Әкесінің тымағын айналдырып киіп,көк шыбықты ат қып мініп, күнұзақ үйінің қасында ойнайды.

4)Тостаған толы май бидай.

5)көп,жайдары,бейім,алысқа, қызыл күрең.т.б

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi