у меня БЖБ Д) Жердің көркі тал болар, елдің көркі мал болар. 2- тапсырма Мәтіндегі негізгі және қосымша ақпараттарды анықтап, өз ойыңызды білдіре отырып жазыңыз. Сөз саны – 60-70. (Түсініктеме: Мәтіннің негізгі ақпаратына түсініксіз ұғымдарды автордың талқылауы, сипаттаулар, баяндаулар, логикалық тұжырымдар кіреді. Мағыналық бөліктің негізгі мәліметтерін көрсету үшін онда тезистер мен тұжырымдар қолданылады және олар көбінесе азат жолдың басты идеясы - бірінші және екінші сөйлемдер болады. Қосымша (жанама) ақпарат түрлері мыналарды қамтиды: қосымша, суреттейтін және анықтайтын, қайталанатын, жинақтайтын ақпараттар. Қосымша ақпарат кеңейтеді, онда қарастырылатын құбылыстардың мәнін ашып түсіндіреді. Мәтіндегі нақты және суреттеуші ақпараттарды автор мынадай сөйлемдер арқылы береді: 1) берілген идеяны нақтылайтын, растайтын немесе түсіндіретін нақты мысалдар келтіреді; 2) баска ғалымдардың пікірлерін, дәйексөздерін келтіріп, өзінің ойларын растайды, көрсетеді. Мұндай ақпарат мынадай қыстырма сөздер мен шылау сөздер арқылы енгізілуі мүмкін: мысалы, сондықтан, мәселен, сол сияқты, атап айтқанда; Мәтінде кайталанатын ақпарат болуы мүмкін, яғни, бұрын берілген ақпараттың қайталануы, олар түсініктің дәлдігін камтамасыз етеді, айқындап тұрады. Олар мынадай қыстырма сөздермен енгізіледі: яғни, басқаша айтқанда, басқаша түсіндіре кетсек, , дәлірек айтқанда, дәлірек және т.б.)