Тжб әдиебет 1 тоқсан6 сынып Тоқсандық жиынтық бағалау
6 сынып «Қазақ әдебиеті» пәнінен 1-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
1.Аяз би неліктен өзін «жаманмын» деді?
А) Уәзірлерге көмектескені үшін
В) Ханның жұмбағын шешу үшін
С) Далада мал бағып жүргені үшін
Д) Өмір бойы біреудің босағасында жүргені үшін
Жаманның Аяз би аталу себебі неде?
А) әділеттілігінде
В)көрегендігінде
С) тапқырлығында
Д) ақылдылығында
3.Тіршілікте ... бол төзімді,
Сан мәртебе алдаса да өзіңді.
... еш уақытта жазғырма,
Тіпті кейде болса әзәзіл азғырған, - көп нүктенің орнына қойылатын сөздер қатарын белгілеңіз.
А) болаттай, өміріңді
В) құрыштай,тағдырыңды
С) құрыштай, өміріңді
Д) болаттай,тағдырыңды
Доспамбет жыраудың «Айналайын, Ақ Жайық» жырына сәйкес келетін қатарды белгілеңіз.
А) туған жерді сағыну
В) өткен өмірді аңсау
С) елді жаудан қорғау
Д) елге деген сүйіспеншілік
5«Аяз әліңді біл, құмырсқа жолыңды біл» дегенді қалай түсінесіз? .(3-4сөйлем)
6. Ғұлама Әл-Фарабидің қасиетін ашатындай 3 сын есім жазыңыз. .(3-4сөйлем)
7.«Сарыарқаның бойында, соғысып өлген өкінбес!» деген жолдардан не түсіндіңіз? Жыраудың өмір сүрген заманы қандай, елді кімдерден қорғады ? Өз ойыңызды жазыңыз.(3-4сөйлем)
8«Аяз би» ертегісінің тәрбиелік мәні. Эссе жазыңыз.(50-60сөз)