Тырады. Ойлау дағдыларының деңгейі жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты 20-25 минут
Тапсырма №1. Мәтінді мұқият оқып, мәтін бойынша сұрақтарына жауап беріңіз (4
ұрақ), мәтіннен салт, сабақты етістіктерді теріп жазыңыз.
Судың түсі қандай?
Су ғылыми еңбектерде түссіз, иіссіз, дәмсіз сұйықтық ретінде сипатталады. Бірақ
халықтың жер-суға қойған аттауларда Аксу Сарысу, Алакөл Бозкөл, Шұбаркөл, Қарасу,
Көксу секілді алуан түр-түстердің кездесуі қалай? Су дәмсіз болса, оны ішкенде қалай
сезінеміз? Иіссіз болса, су жағалауына барғанда кеңірдегiз ашылып, теңіздің, көлдің
иісін қалай сезіміз?
Қазақстанның жер-су аттарын зерттеуші ЕҚойшыбаев зерттеулеріне зер салайық.
“Қара” сөзі әртүрлі өзен-көл атауларымен тіркесіп кездеседі. Мысалы, Қарасор.
Қарақамыс, Қаракөл, Қаракеңгір, Қаратал, Қарасу, Қаратұз, т.б. Мұндағы қара” сөзі
бірнеше мәнге ие : 1) жерасты суларынан нәр алатын су атауы ұғымын береді. Мысалы,
Қарасу, Қарақұдық. 2) белгілі бір атаудың екінші бір таумен салыстырғанда көлемнің
үлкен екендігін білдіреді. Мысалы Қараөзек, Қаракөл. 3) кейбір өзен-көл атауының
құрамында кездесетін қара сөзі ну қалың ұғымын да білдіреді. Мысалы, Қаракамыс.
Ал “Қара Ертіс атауының құрамындағы қара сөзін ғалымдар жерасты суларынан нәр
алатын өзен ұғымынан шығарады.
“Қызыл” сөзі де өзен-көл атауларында көптеп кездеседі. Мысалы, ҚЫЗЫЛКөл
Қызылқұдық, Қызылағаш, т.б. Жер-су атаулары құрамында кездесетін кызыл мынандай
мағыналарға ие: 1) тар шатқал; 2) түбі көрініп жаткан таяз су; 3) жұқа, майда, жеңіл.
1. Судың түсі қандай?
2. Судың дәмі бола ма? Иісін сезуге бола ма?
3. Өзен-көлдердің атауларының түрлі түсті болу себебі неде?
4. Жерасты суларынан нәр алатын су атауларына мысал келтіріңіз?