ТЫНДАЛЫМ ОҚЫЛЫМ
МӘТІНМЕН ЖҰМЫС
-тапсырма. Мәтінді тыңда. Сұрақтарға жауап бер.
Мен Жоңғарияда бірінші рет 1856 жылы болдым. Алғашқы Ыстықкөл
экспедициясына қатынастым. Сонан соң аз дегенде Құлжада үш ай тұрдым
Жоңғарияда барлығы бес ай болдым. Алакөлден Тянь-Шаньға дейін
емін-еркін аралап шықтым.
Тозығы жеткен қайықпен керуен Іле өзенінен екі күн дегенде әрең өтіп
болды. 17 күн дегенде Қарқара алабына әрең жеттік. Кеген мен Қарқараның
жағасында бірен-саран жан қалған.
Жым-жырт далада біздің бірлі-жарлы шатырымыз ғана тұр. Керуен-
басы мен қарттарымыз біраздан кейін қырғыздарға баруды ұйғарды.
1. Шоқан Уәлиханов Жоңғарияда бірінші рет қай жылы болды?
2. Ол қандай экспедицияға қатысты?
3. Құлжада неше ай тұрды?
4. Керуен Іле өзенінен немен өтті?
5. 17 күн дегенде қайда келді?
6. Керуенбасы мен қарттар қайда баруды ұйғарды?
ЖАЗЫЛЫМ АЙТЫЛЫМ
5-тапсырма. Мәтін бойынша жоспар құр. Әр абзацтағы тірек сөздерді
теріп жаз. Құрған жоспарыңның негізінде мәтіннің мазмұнын баянда.
1) 1856 жылы
2) Ыстықкөл экспедициясы
3)үй ай
4)қайықпен
5)Қарқара алабына
6)қырғыздарға