ТЫМ МӘТІНМЕН ЖҰМЫС -тапсырма. Мәтінді рөлге бөліп (автор, кейіпкерлер) оқыңдар. Абай ауылына жеткенше асықты. Анау Абай, Абай ғой, айналайын-ай! Апасына айтайыншы, деді бір үлкен әйел. Бәсе, Телғара ғой... Жаным-ау, мынау... Телғара! деді жас әйел. Абайдың келген хабарын естіп, анасы — Ұлжан мен әжесі Зере сыртқа шықты. Зеренің ең жақсы көретін немересі Абай еді. Оның Тілеуін тілеп отыратын. Абай аттан түсті. Ол көп ішінен, ең алдымен, өз шешесін көрді. Соған қарай жүре беріп еді, шешесі: Шырағым, балам, ар жағында әкең тұр... Сәлем бер! – деді. Абай әкесіне қарай тез бұрылды. Әкесіне қол беріп амандасты. Әкесі: — Балам, бойың өсіп, ержетіп қалыпсың! Бойыңдай болып білімін де өсті ме? деді. Ұялғанды, жауап айтпағанды кешірмейтін әке мінезі Абайға бел- гілі. Ол сабырмен: Шүкір, әне, Қазіреттің рұқсатын, фатиңасын алып қайттым. - деді Құнанбай: Бар, енді шешелерің жаңқа бар, амандас, балам! — деді (М. Әуезов) «Телғара - Абайға жеңгелерінің қойған аты ybe езд an,
Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы (1845-1904) — ұстаз,ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер[1], либералды көзқарасын исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен.[2]
Абай Шығыс пен Батыс мәдениетін жетік білген. Бірқатар әлем ойшылдарының еңбектерімен жақсы таныс болған. Философиялық трактаттар стилінде жазылған «Қара сөздері» - тақырып ауқымдылығымен, дүниетанымдық тереңдігімен, саяси-әлеуметтік салмақтылығымен құнды.[3]