Тыңдайық 2. Диалогті тыңда және оқы. Әсем: Қараңыз, мынау сүт қой, солай ма? Наубайшы: Иә, сүт басқа қоспалармен араласып жатыр. Рауан: Қандай қоспалармен? Наубайшы: Ұн, тұз, ас содасы, қант, жұмыртқа, какао, ванилин, май. Дидар: Не деген көп сүт! Наубайшы: Иә, бізге торт пісіру үшін сүт көп керек. Әсем: Міне, қараңдар, жаңғақ қосып жатыр. Наубайшы: Мұнда жаңғақтар үгітіледі, уақталады, содан соң ол да миксерге салынады. Рауан: Керемет, шоколадты қараңдар! Ммм, шоколад жегім келіп тұр!