Тыңдалым Тапсырма 1. Мәтінді оқып , онда көтерілген басты мәселені өз сөзіңізбен түсіндіріңіз . 2. Мәтіннен 2 факті мен 2 автордың көзқарасын білдіретін ақапаратты табыңыз және себебін түсіндіріңіз . [ 5 ] Әлеуметтік желі — қауіп пе , қажеттілік пе ? « Internet World Stats » агенттігінің зерттеуіне сүйенсек , Қазақстанда 5,6 миллион адам әлеуметтік желілерді пайдаланады . Интернеттің осы бір құдіреті әлемнің ақпарат кеңістігінде оң әсер еткенімен , жас ұрпақтың келешегіне тигізетін : зиянды екені айтылуда . Қолы қалт етсе , әлеуметтік желіге шұқшиятын жеткіншектеріміздің кез келген уақытта алаяқтың арбауына түсіп қалуы өте оңай . Сайттарды шарлап , жағымсыз қылықтарға бой үйретеді . Әлеуметтік желілер - уақыт ұрлаушылар . Адамның желіге тәуелділігі сондай , бас алмастан отырып минуттардың , оның артынан сағаттардың қалай жылжып кеткенін байқамай да қалады . Мұның соңы қайда апарып соғады ? Бір жағынан жан - жақты білімді ұрпақ өсіру үшін ғаламтор игілігін пайдаланбасқа болмайды . Екіншіден , уақытымызды үнемдейміз . Сонымен әлемді жаулаған әлеуметтік желі қазақ болашағына қауіп пе , қажеттілік пе ?