Тыңдалым, оқылым 4-тапсырма. Мәтінді түсініп оқы. Қою әріппен берілген сөздердің
мағынасын анықта.
Су – аса құнды табиғи ресурс. Елдің экономикасы, халықтың жағдайы
суға тәуелді. Әсіресе ауызсу мәселесі өте маңызды. Ауылшаруашылыққа
барлық судың 80-90% пайдаланылады.
Судың 40 пайыздан астамы көрші мемлекеттерден келеді. Сондықтан
Қазақстан көрші мемлекеттерден келетін суға тәуелді. Қазақстанда 8 езең
бассейні бар. Бассейндердің жетеуі — трансшегаралық өзен. Нұра-Сарысу
су қоймасы ғана — трансшекаралық өзен емес.
Қазақстан жерінде су ресурсы біркелкі емес. Шығыс аймаққа су
ресурсының 34,5% тиеді, оңтүстік-шығысқа 24,1%, оңтүстікке — 21.29 ,
батысқа-13,4%, солтүстікке — 4,2%, орталық аймақтарға – 2,6%. Ең неп су-
мен қамтамасыз етілген — Шығыс Қазақстан облысы, Атырау, Қызылорда,
Маңғыстау облыстарында су тапшы. Маңғыстау облысында тұщы су жоқ,
Қазақстандағы 8 жарым мың өзеннің көбі тұнық емес. Таудан ағатын -
лайланған кішкентай өзеншелер. Көктемде тола алады. Ал жазда көбі ке-
уіп қалады.
Ең ұзын өзен — Ертіс. Ағыны қатты. Оның ұзындығы 4 мың шақырымнан
асады. 1400 шақырымы Қазақстан жерімен ағады. Ертіс Моңғол Алтайынан
басталып, Зайсан көліне құяды. Есіл мен Тобыл өзендері — Ертістің салалары,
Ертістен кейінгі ұзын өзен — Жайық. Ол Орал тауларынан басталып, Кас-
пий теңізіне құяды.
Ертістен екі есе кіші өзен — Сырдария. Іле өзені Сырдариядан аз ғана
кіші. Іле Балқаш көліне бірнеше текше метр су құяды.
117