ТЫҢДАЛЫМ оқылым 3 тапсырма Тыңда. Мәтінді түсініп оқы. үлкен табалдырық Қазақ отбасындағы дәстүрлер тыйым сөздермен де байланысты. Тыйым сөздер маңызға ие тәрбие құралы. Сондықтан қазақ халқында үлкендер жас балаларды тыйым сөздер арқылы да жамандықтан алыс, жақсылыққа жақын болуға үйреткен. Қазақ халқында қасиетті ұғым. Ол үйдің сырты мен ішінің шегарасы, байлық пен кедейліктің де шегарасы. Табалдырық бақыт пен жақсылықтың қарауылы. «Табалдырықты баспа, бақыт қашады», «Табалдырықта тұрма, үйге келетін жақсылықты қайтарма», «Табалдырықта тұрып, кедейлікті шақырма, жаман ырым бастама» деген тыйым сөздер жай айтылмаған. Табалдырық - бақыттың белгісі. Табалдырығыңнан құтсыз адам аттаса, кедей боласың, құтты адам аттаса, бай боласың. Сондықтан жас келін алғаш табалдырықтан кіргенде, жақсь ырым жасалады. Оған шашу шашып, құт шақырып, оң аяғымен: «Бісмілла!» деп кіргізеді. Тұрсын Жұртбай 12 1-тақырып быстро найди 10 глаголов