ТЫҢДАЛЫМ ОҚЫЛЫМ 3 -тапсырма. Мәтінді тыңда. Оқы. Түсінгеніңді баянда. Мәтіндегі сан есімдерге сұрақ қой. . Әбділда Тәжібаев - ақын, драматург, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның халық жазушысы. Ол 1909 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. Қызылордадағы жетім балалар интернатында тәрбиеленіп, Шымкент қаласындағы жеті- жылдық мектепті бітірген. Әбділда Тәжібаев Сырдария өзенінің бойында туған. Сырдария — Орталық Азиядағы ірі өзендердің бірі. Сырдария өзені Тянь-Шань бұлақтарынан басталады. Сырдария Арал теңізіне құяды. Әбділда Тәжібаев «Сырдария» өлеңінде осы өзен туралы жырлаған. Өзінің еліне, жеріне, Сырдария өзеніне деген ЫСТЫҚ махаббатын өлең арқылы жеткізген. - перевод