Тыңдалым мен айтылым Тапсырма
1.Мәтінді оқып шығыңыз. Мәтіндегі детальді ақпаратты анықтап, мазмұндауда қолданыңыз. Ақпараттарды шынайы өмірмен байланыстырып, көтерілген басты мәселені анықтаңыз. Өз көзқарасыңызды жан-жақты тұжырымдап, мысалдар арқылы дамытып, дәлелдеңіз.
2. Өз жұбыңызды мұқият тыңдауға тырысыңыз. Оның мәтіні бойынша маңызды деп санайтын 2 сұрақ қойыңыз. Оның мәтінінің басты идеясын анықтауға белсенді қатысып, пікіріңізді білдіріңіз.
[10]

1- мәтін
Қазақ халқы «ақты» қастерлеп келген. Ақ деп малдан сауылатын сүт және, мал сүтінен істелетін сусындарды айтады. Оған қымыз, айран, шұбат, іркіт тағы басқалар жатпақ. Сүттен істелетін қатты тағамдарды «ақ тағам» деп атаййды. Ақты албасты жерге, суға төкпейді. Алайда салт-дәстүрге сай ақтты ақжолтай болсын деп, баратын жол жағына шашу, өрттің алдын алу үшін өрт алдына сүт құю, үйге кірген зиянды жәндәктерге ақ тамызып шығару, үййге келген кісіге ақ дәмнен дәм татқызу сияқты жоралар істеліп жатады. Ақ құйып жыланды үйден шығарып оны жояды. Асығыс жүрген адамға, немесе жолаушыға, көшкен елге ақ дәмнен сусын алып шығады, дәм татқызады. Үйден «ақ дәм» татқызу үлкен силаушылық деп жатады халық түсінігінде. Ақ тағамның сұйығы, қаттысы болсын «киелі дәм» десіп жатады. Ұзақ сапарға кетер кісіге үлкен үйден, қара шаңырақтан «ақ дәм» татқызу үлкен тілек болмақ. Ақ дәмді ақ өңіне сай, ақ тілекті, ақ жолды деп көреді қазақтар. Сондықтан, «ақ дәм» қастерлі келеді. Ақ дәм татқызу үлкен салт, тілек болмақ.
(Кәмәләшұлы Б. «Қазақтың байырғы салт-дәстүрлері».
Алматы «Өнер» ба ,2006ж.128-129б.б.)

2- мәтін
Көрімдік беру. Нәрестелі болғанында, келін түсіргенінде «құтты болсын» айта келгендерден сәбиді, келінді көрсетпей тұрып «көрімдігін бермесеңдер көрсетпейміз» деп кәдесін сұрайды. Қыз ұзатыларда ұл жағынан келген құдаларға болашақ келіндерінің жасауын көрсетіп те көрімдік сұрайтын әдет-ғұрып бар. Қазір жоғары оқу орнын бітіріп диплом алған жастар да туған-туыстарынан көрімдік сұрап жатады.​

Klamie Klamie    1   17.03.2021 08:31    4

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi