Тыңда. Мәтінді түсініп оқы. Қазақ отбасындағы дәстүрлер тыйым сөздермен де байланысты. Тыйым сөздер – үлкен
маңызға ие тәрбие құралы. Сондықтан қазақ халқында үлкендер жас балаларды тыйым
сөздер арқылы да жамандықтан алыс, жақсылыққа жақын болуға үйреткен. Қазақ халқында
табалдырық - қасиетті ұғым. Ол – үйдің сырты мен ішінің шегарасы, байлық пен кедейліктін
де шегарасы. Табалдырық - бақыт пен жақсылықтың қарауылы. «Табалдырықты баспа,
бақыт қашады», «Табалдырықта тұрма, үйге келетін жақсылықты қайтарма», «Табалдырықта
тұрып, кедейлікті шақырма, жаман ырым бастама» деген тыйым сөздер жай айтылмаған.
Табалдырық – бақыттың белгісі. Табалдырығыңнан құтсыз адам аттаса, кедей боласың,
құтты адам аттаса, бай боласың. Сондықтан жас келін алғаш табалдырықтан кіргенде, жақсы
ырым жасалады. Оған шашу шашып, құт шақырып, оң аяғымен: «Бісмілла!» — деп кіргізеді.
Тұрсын Жұртбайда
1-тақырып​

оарташ оарташ    1   08.09.2020 19:28    6

Ответы
Лилиана2001256 Лилиана2001256  15.10.2020 18:59

сонда не істейміз тапсырма кайда тусынбедым

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi