Туынды сөз – сөзжасам саласының негізгі ұғымы. Қазақ тілінің сөздік құрамында қолданылып жүрген қазіргі атау сөздердің бәрі дерлік туынды атаулар. Қазіргі қазақ тіліндегі бір буынды ат, ақ, су, жақ, тау, т.б. атаулардың өзі Туынды сөз ретінде танылады. Бұл сөздер тұлғалық жағынан өзгермегенмен, мағыналық құрылымы семантикалық сөзжасам негізінде дамыған. Сондықтан да бұл атаулар іштей көпмағыналылыққа, антонимдік сыңарлар мен синонимдік қатарларға жіктеледі. Күрделі сөз дегеніміз екі я онан да көп жалаң я туынды түбірлерден құралып, мағыналық, грамматикалық жағынан бір бүгін тұлға болып бірлесіп тұрақталған құрама сөз. Мысалы: бүгін, биыл, сап-сары, ағайын-туысқан, қолқанат, айта отыр, ала жаздай, темір жол, жеті қарақшы, арқа суйеу, т.б.
Күрделі сөз дегеніміз екі я онан да көп жалаң я туынды түбірлерден құралып, мағыналық, грамматикалық жағынан бір бүгін тұлға болып бірлесіп тұрақталған құрама сөз. Мысалы: бүгін, биыл, сап-сары, ағайын-туысқан, қолқанат, айта отыр, ала жаздай, темір жол, жеті қарақшы, арқа суйеу, т.б.