"туған жерге туыңды тік" эссе 80-100 сөз

ирина1229 ирина1229    1   28.12.2020 10:54    3

Ответы
Mashavyd Mashavyd  27.01.2021 10:56

Әр адамның  кіндік қаны тамып, туып өскен елі жер жәнатымен тең. Өйткені бүгінде ел таныған азаматтар мен батырлардың тіптен ғалым мен қарапайым ауыл тұрғындарының естен кетпес жұлдызды сәттері сол өлкемен тікелей байланысты. Ал, еліміздің әрбір тауы мен өзені тұнып тұрған тарихқа толы екенін ескерсек, азаматтардың  сол құндылықтарды құрметтеп, оның кез келген дүниесінің гүлденуіне, жандануына үлес қосуы бекер емес. Ол тазалыққа атсалысса да, бір тал отырғызса да шынайы ісімен өскелең ұрпақтың бойына Отанды сүю деген сезімді ояту қажет. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасының да  мәні мен мазмұны осында болса керек.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
vaxyl vaxyl  27.01.2021 10:56

Туған жер, Туған ел.Осы екі ғана сөзде қаншама мағына, қаншама ой жатыр десеңізші?! Туған жердің қадірін әр адам әрқалай түсінетін шығар. Ал мен үшін Туған жер қадірі дүниедегі ең ұлы деген нәрсемен пара-пар. Себебі, ол – менің әлпештеген анам, аялап өсірген әкем, туған-туысым, аға-әпкелерім, мені білім жолына жетелеген ұстаздарым, сол білімге ұмтылу жолындағы тай-құлындай тебіскен жора-жолдастарым дүниеге келген жер. Менің Туған жерім, Отаным – кішкентай болса да, мен үшін аса қымбат әрі киелі Қармақшы жері. Осы мекенде менің көңілді де шаттыққа толы, уайымсыз да бейкүнә балалық шағым өтті. Қызыққа толы балалық шағым өткен туған ауылдың ауласын еш уақытта ұмытпақ емеспін. Балабақшадағы күндерім. Мектеп табалдырығын алғаш аттаған күн. Сыныптас достарыммен алғашқы таныстық.Бәрі-бәрі қазіргідей көз алдымда.

Объяснение:

Бұл менің атам жазған эссе

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi