Құттықтау- синоним из текстов 1-мәтін Наурыз - жыл басы. Парсы тілінде "нау" - "жаңа", "руз" - "күн" деген ұғымдарды білдіреді. Халық наурыз мерекесіне алдын - ала дайындалады. Дәстүр бойынша үйге қос шырақ жағылады, ыдыстар ернеуіне дейін айранмен, сүтпен немесе бұлақ суымен толтырылады. Бұл - тоқшылықтың белгісі Бұл күні бұлақтар тазартылып, ағаштар отырғызылған. Наурыз - достық, еңбек, бейбітшілік мерекесі. Ұлыстың ұлы күні адамдар бір-біріне деген ренішін ұмытып өзіне де, өзгеге де жақсылық тілеген. Дастарқанның басты асы наурызкөже болған. Наурызкөже жеті түрлі тағамнан жасалған.. Дастарқан басында жастар үлкендердің батасын алған. Ақсақалдар: "Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын, қайда барса жол болсын!" - деп бата береді. 22 наурыз - бұл күнi күн мен түн теңеледi. Табиғат та, Жер-Ана да, жан-жануар да түлейдi, жаңарады. Адамзаттың бойында қан жүгiрiп, тал-теректер бүршiк жарады. Қазақтың сайын даласын Қызыр баба кезiп, а құт-береке, бақ-дәулет сыйлайды. Самарқанның көк тасы ерiп, қасиеттi қара жер, қара топырақ бусанады. Ұлы даланың төсiнде қызғалдақтар құлпыра өсiп, бел-белестерге қызылды-жасылды кiлем төселедi. Ұлан-байтақ Қазақстанның халқы жетi түрлi дәмнен наурыз көже жасап, ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарды сақтап, ай бойы Ұлыстың Ұлы күнiн тойлайды. Бүкiл Шығыс халқына ортақ бұл мейрамда араздасқандар татуласып, дүйiм халық, ел ауызбiршiлiкте болады.
2-мәтін
Жаңа жыл – барша жұрт асыға күтетін, таңғажайып әрі ең көңілді отбасылық мерекелердің бірі. Көптеген елде 31 желтоқсаннан 1 қаңтарға қараған түні тойланады. Жаңа жыл әр елде ұлттық салт-дәстүрге сай тойланады, десек те, алуан түрлі ойыншықтармен безендірілген әсем шырша, түн ортасында сағаттар соғып, Жаңа жыл келгенін білдіруі, шампан, жаңажылдық дастарқан, сыйлықтар, ғажайыптар мен жақсылыққа сену – бәрімізге ортақ. Жаңа жылдың ең маңызды дәстүрі – тілек тілеу көне ғасырлардан келе жатса да, әлі ұмытылған жоқ. Өйткені «Жаңа жыл қарсаңында қандай тілек тілесең де, әрқашан орындалады». Жаңа жылдың басты кейіпкері – Аяз Ата жұрт ойлағандай кәрі емес. Шамамен 150 жыл бұрын Жаңа жыл символына айналыпты.

Sonialovegirl Sonialovegirl    2   17.03.2021 07:25    3

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi