ТОС ТЫҢДАЛЫМ ОҚЫЛЫМ 4 -тапсырма. Мәтінді тыңда. Оқы: «Жигсо» «Бөлшекте, жинақта!». Сынып үш топқа бірігеді. Әр топтағы оқушылар №1, №2, № 3 түрінде белгіленеді. 1-кезеңде әр топтағы балалар мәтіннің өздеріне тиесілі бөлігін оқиды. 2-кезеңде әр топтағы балалар нөмірлеріне сәйкес бір топқа бірігеді. Олар өздері оқыған мәтін бөлігінің мазмұнын бірігіп талдайды, ой бөліседі. 3-кезеңде топ мүшелері қайта өз орындарына барады да мәтіннің мазмұны бойынша кеңесіп, өздері қалаған тәсілмен (тірек сөздер кестесі, кластер, диаграмма, сурет, карта және т.б.) ойларын жинақтайды. 4-кезеңде әр топ өз жұмыстарын сыныптың алдында қорғайды.