Толғанай. Уа, армысың, киелі далам! Жер. Дені-қарның сау ма, Толғанай! Өзің бе келген? Толғанай. Бүгін шейіт кеткен бауырларымды еске алатын күнім еді. Жер. Білем, білем. Мен де күтіп жатқанмын, Толғанай! Япыр- ау, бұл жолы да жалғызбысың? Толғанай. Қайтейін, тағы да жалғыз келдім. Жер. Демек, немереңе тіс жарып ештеңе айтпаған сыңайың бар ғой, Толғанай? Толғанай. Айтпадым. Аузым бармады. Жер. Болған оқиғаны оған баяндайтын бір адам өмір бойы табылмас деймісің? Халық аузына қақпақ қоя алмайсың. Туған анасының қасіретті күйде кеткенін, әкесінің кім екенін, әдейі болмаса да, әлдебіреудің айта салу қаупін ойладың ба? Толғанай. Жоқ, онда не тұр? Ерте ме, кеш пе, әйтеуір бәрі мағлұм болары анық. Шүкір, өзі де азамат болып қалды ғой. Ендігі жерде өзгеден ести қалғанда да оғаштығы жоқ. Айтайыншы-ақ деп бел байласам да, шынтуайтқа келгенде, бойымды бір қорқыныш билейді де, ауыз аша алмай қала берем. Жер. Не десең о де, адам болған соң өзі туралы шындықты біліп жүруі шарт, Толғанай! Переведите
не с переводчика

прждлшеджж прждлшеджж    1   23.02.2021 16:06    7

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi