Тоғызқұмалақ Қазақ халқының ежелгі ұлттық спортының бірі – тоғызқұмалақ. Зерттеушілердің пайымдауынша, бұл ойынның пайда болуы шамамен 4 мың жылдық кезеңді қамтитын көрінеді. Қазақстанда алғаш рет 1974 жылы тоғызқұмалақтан Республика біріншілігі өткен. Содан бері ел чемпионаты жыл сайын тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді. 2001 жылы Қазақстан Республикасы тоғызқұмалақ федерациясы құрылған.
Тоғызқұмалақ ойынының негізгі ережелері:
Тоғызқұмалақ ойыны арнайы тақтада екі адам арасында ойналады. Ойын тақтасы 2 қазан, 18 отау, 162 құмалақтан тұрады. Ойын басында әр ойыншыға бір қазан, тоғыз отауға тоғыз-тоғыздан салынған 81 құмалақ тиесілі. Алғашқы жүріс жасаған ойыншыны бастаушы, екінші жүріс жасаған ойыншыны қостаушы деп атайды.
Тоғызқұмалақ ойынын әуесқой деңгейде үйрену үшін бір-ақ күн жеткілікті. Бірақ кәсіпқой дәрежеде үйренгіңіз келсе, ойынның күрделене беретінін түсінесіз. Өзіміздің төл спортымыз болғандықтан, бүгінде Қазақстан құрамасы тоғызқұмалақтан әлем бойынша алдыңғы орында тұр.

1) Мәтіннен негізгі 2 ақпараттарды анықтаңыз.(Найдите в тексте 2 основные информации.)

1
2
[1]
2) Мәтіннен 2 жанама ақпараттарды анықтаңыз. (Найдите в тексте 2 дополнительные информации.)

1
2
[1]
3) Оқылым мәтіні мазмұны бойынша 1 «шын» ақпаратты белгілеңіз.(Найдите в тексте одну верную информацию.) [3]

vladosik1885 vladosik1885    2   24.12.2020 12:51    0

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi