Тоқтар әкесінен мүлде ерте айырылды. Содан бірер жыл Теміртаудағы жездесі- Нығметтің үйінде тұрған соң шешесі Кәмила қала тіршілігіне көндікпей, ауылға қайта көшкен. Тоқтар орталау мектепті сол Қарқаралының ТЖС-ында (ТЖС- троктор жөндеу стансысы) бітіріп, әрі қарай оқуын жалғастыру үшін тағыда әпке- жездесінің қолына барды. Кешкі мектепте оқи жүріп, күндіз жүкші
болып жұмыс істеді. Келер жылы зауытқа токарьлық жұмысқа ауысты.
Бала Тоқтардың аты елге таныла бастады. Он сегізге толмай жатып суреті Құрмет тастасына ілінді. Кешкі мектепте оқуын да жалғастыра берді. Аэроклубта парашютпен секіруге, кейінен ұшуға жолдама алды.Алғаш әуеге көтеріліп , ұшуға жаттығып жүрген кезінде кәмелеттік аттестат алуға емтихан тапсырды.
Тоқтар 1965 жылы Қарағанды облыстық комсол комитетінің жолдамасымен Армавирдегі ұшқыштар даярлайтын жоғары әскери училищеге оқуға түсті.
1976 жылы А.И. Микоян атындағы авиақұрастырушылар бюросына қабылданғанда өзінің өлімге бас тіккенін сезінбей қойған жоқ. Тоқтар бәрін де ой елегінен өткізді. Өзіне дейін қазақта бірде- бір сынаушы ұшқыш болмағанын ол жақсы білетін. Бәлкім,маңдайына жазғаны - осы шығар. Ана тілінде тілдесетін пенде таба алмай, ыңылдап ән салатын, жүрегі шымырлайтын кездері де болатын.

Осы мәтінге 5 сұрақ жазып беріңдерш керек болып тұр.​

myster2 myster2    1   17.04.2020 09:30    4

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi