Тоқсас III Бөлім: «: «Су – тіршілік көзі. Қазақстандағы өзен-көлдер Морфология» 1-тапсырма. Мәтіндегі есімдіктерді теріп жазып, қай сөз табының орнын басып тұрғанын анықтап, жазыңыз. Су- тіршілік көзі Су – тіршілік көзі. Осы мөлдір сұйықтыққа бар тіршілік тәуелді. Алайда күнделікті тұрмыстың ажырамас бөлігіне айналған судың емдік қасиеттері жайында көбі біле бермейді. Су адамның шөлін қандыру немесе тұрмыстық қажеттілігінен басқа да жайларда пайдаға асады. Назарларыңызға судың пайдасы, емдік қасиеттері жайында мәлімет ұсынамыз. Жапон гальмы Масару Эмото бірнеше жыл бойы судың қасиетін зерттеген. Ол тазартылған суды бір ыдысқа құйып, сол судың жанына адамдар келіп «махаббат», «періште», «рақмет», «бейбітшілік» деген сияқты жақсы сөздер айтқан. Ғалым осы суды қатырып, суретке түсірген кезде кристалдары керемет әдемі, үйлесімді болып шыққанын байқаған. Ал дәл осы суга «ыза», «Соғыс», «қан», «өлім» сияқты жағымсыз сөздер айтқан кезде кристалдары мүлде басқа, бей-берекет, комескі, қара лай болып шыққанын көріпті. Жапон ғалымы су біздің барлық эмоциямызды, сезімімізді, сөзіміз бен дұтамызды, музыканы қабылдайтынын осылай дәлелдеген. Дәрігерлердің айтуынша, сумен емделудің қарапайым әдіс-тәсілі көп. Мәселен, суды алдымен қатырып, кейін ерітіп ішуге болады. Тек үстіңгі қабатын төгіп тастау керек. Өйткені ауыр металдар судың бетіне көтеріледі. Осы суды адам күнде таңертең аш қарыі па ішіп отырса, емдік қасиеті зор. Адам ағзасы бірден жұмысқа кріседі. Ағзаға таза су енеді де, ол біздің сүйықтық қанымызға әсер етеді және Тазалық акIарат жеткізеді. Сойтіп бойымыздағы сұйықтықтарды құрылымдагуына ықпал жасайды. Адам денесінің 70% судан тұрады. Ендеше агзадагы судың құрамы өзгерте отырып, сауығуға әбден болады. Есімдіктер: