Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты Тоқсандық жиынтық бағалау оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының мазмұнына сəйкес, білім алушылардың тоқсан барысында меңгерген білім, білік жəне дағдыларды анықтауға бағытталған. Тоқсандық жиынтық бағалау оқу жоспарындағы тоқсан ішінде меңгеруге тиісті оқу мақсаттарына жету деңгейін тексереді. 2. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар «Қазақ тілі» (екінші тіл) пəні бойынша (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) негізгі орта білім беру бағдарламасы (5-9 сыныптар) 3. Күтілетін нəтижелер Тыңдалым: білім алушы мəтіннің негізгі мазмұнын, сондай-ақ сөйлеушінің ниетін білдіретін функционалдық маңызды мағыналы ақпаратты түсінеді; мəтіннен арнайы ақпаратты алады; терминдердің мəнін жəне əлеуметтік-тұрмыстық, əлеуметтік-мəдени жəне оқу-танымдық аялары бойынша мəтіннің негізгі бөліктерін түсінеді; фактілер мен пікірлерді ажырата отырып, мəтіннің мазмұнын бағалайды; əртүрлі стильдегі жəне жанрдағы мəтіндердің негізгі проблемаларын айқындайды; мəтінде айтылған деректер мен құбылыстар, оқиғалар арасындағы байланыстар мен қарым-қатынастарды аша отырып, мəтінді талдайды; иллюстрациялар/негізгі сөздер/тақырыбы/басталуы бойынша айтылған ойдың мазмұнын болжайды. Айтылым: талқылау, өзінің пікірін білдіру жəне оқиғаларды, пікірлер мен проблемаларды бағалау арқылы білім алушы оқылған тақырыптар аясындағы диалогты қолдайды; назарды өзіне қарату тəсілдерін пайдаланып жəне мақсатты аудиторияны есепке ала отырып монолог құрады, ұсынылған тақырып бойынша ақпаратты талдайды жəне жинақтайды; белгілі бір тақырып бойынша айтылған ойды бағалайды; сөйлеу нормаларын сақтай отырып, тілдің лексикалық жəне грамматикалық құралдарын пайдаланады. Оқылым: білім алушы оқылған тақырыптар аясында белгілі бір күрделі тұтас жəне аралас мəтіндердің мазмұнын түсінеді; əртүрлі типтегі, стиль мен жанрдағы мəтіндердің ерекшеліктерін анықтайды; сөздердің айқын жəне астарлы мағынасын, көркем бейнелеуіш құралдардың мəнін түсінеді; өзектілігін, шынайылығын, пайдалылығын жəне құндылығын анықтай отыр