Тест

Тақырып: Сан есім. Есімдік.

1. Сан есімнің сұрақтары:

А) неше? қанша? В) қандай? қай? С) кімнің? ненің?

2. Кому? Чему? Дұрыс аудармасын тап.

А) кімнің? ненің? В) кімді? нені? С) кімде? неде?

3. Сан есімнің тұлғасына қарай бөлінуін көрсет.

А) жинақтық, топтау; В) негізгі, туынды; С) дара, күрделі.

4. Есімдіктің түрі:

А) сұрау; В) көсемше; С) жинақтық.

5. Есептік сан есім:

А) бесінші; В) жиырма; С) алтау.

6. Өздік есімдігі:

А) әрқайсы; В) олар; С) өзіміз.

7. Септік жалғауы бар сан есім:

А) бірінші; В) төртеуден; С) алтаудан.

8. Сұрау есімдігі:

А) ешбір; В) қайдан; С) әне.

9. Реттік сан есімнің сұрағы:

А) нешінші? В) нешеу? С) неше?

10. Болымсыздық есімдігі:

А) сен; В) бәрі; С) ешқайсысы.

11. Күрделі сан есім:

А) төрт; В) он бір; С) екі.

12. Белгісіз есімдігі:

А) мұны; В) мынау; С) біраз.

13. Мақалдағы сан есімнің түрін тап. Ағайын-алтау, ана-біреу.

А) жинақтық; В) бөлшектік; С) болжалды.

14. Көп нүктенің орнына тиісті есімдікті таңда:

... бағдарламаның негізгі мақсаты-Қазақстан халқының тұрмысын өркендету.

А) неше; В) бұл; С) өзім.

15. Сойлемді аяқта: Алпыс минут дегеніміз-... .

А) он сағат; В) алпыс секунд; С) бір сағат.

16. Есімдік пен зат есім тіркесі:

А) биік тау; В) жаңа жыл; С) осы кітап.

17. Қазақстанның облыс орталықтарының саны:

А) 12 В) 14 С) 13

18. Тиісті есімдікті тап: Асқар, Абай, Айгүл-... біздің үйге келеді.

А) ешкім; В) кім; С) бәрі.

19. Бөлшектік сан есім:

А) елуінші; В) үшеу; С) бестен екі.

20. Дұрыс тіркескен сөз:

А) менің кел; В) маған кел; С) мені кел.

21.Дұрыс аудармасын белгіле: Пять минут шестого.

А) Алтыдан бес минут кетті. В) Алтыға бес минут бар. С) Бестен бес минут кетті.

22. Жіктеу есімдігі:

А) сіз; В) ешкім; С) бәрі

23. Аптаның бірінші күні:

А) сейсенбі; В) дүйсенбі; С) жұма.

24.Мақалдың ішінен есімдікті белгіле. Кісі елінде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол.

А) бол В)cұлтан; С) өз.

25. Сан есімді тап.

А) мың; В) алтын; С) теңге.

26. Тиісті есімдікті қой:

... сабақ оқыдым.

А) олар; В) мен; С) ол.

27. Күрделі сан есім:

А) алты; В) төртеу; С) үш жүз.

28. Кімнің көйлегі?-деген сұраққа жауап бер.

А) оның; В) сенде; С) саған.

29. Жетіге дейін саналатын сан есімнің тобы:

А) болжалдық; В) реттік; С) жинақтық.

30.Күрделі есімдіктер қатары:

А) күллі, барша, тегіс; В) өзім, өзді-өзі, өздеріңіз; С) әркім, қайсыбір, ешқашан.​

Zero234 Zero234    1   14.01.2021 16:48    2

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi