Тест Тақырып: Фонетика (Дыбыстардың бөлінуі. Буын. Буын үндестігі.)
Морфология (Жұрнақ. Жалғау.)
1. Фонетика нені зерттейді ?
А) сөз мағыналарын зерттейді. В) сөз тіркесін зерттейді. С) дыбыстарды зерттейді.
2. Қазақ алфавитіндегі әріп саны: А) 36 В) 42 С) 33
3. Қазақ тілінің төл дыбыстары:
А) л,о,с В) қ,ң,ә С) ұ,у,с
4. Тек жуан дауысты дыбыстар: А) е, а В) ү, і С) ы, о
5. Жіңішке дауысты дыбыстары бар сөз:
А) құлақ В) дене мүшелері С) мұрын
6. Еріндік дауыстылардан тұрған сөздер:
А) жұрт, тозу В) көрімдік, сәйгүлік С) ұлы, томаға
7. Ұяң дауыссыз дыбыстар қатары:
А) в, б, г, ғ, ж . В) б, в, к, с, д . С) л, д, р, м, п.
8. Қ қандай дыбыс?
А) ұяң дауыссыз дыбыс ; В) қатаң дауыссыз дыбыс; С) үнді дауыссыз дыбыс.
9. Үнді дауыссыздан басталатын сөз: А) зерек В) намыс С) емен
10. Марапатталады сөзіндегі буын саны: А) алты В) жеті С) сегіз
11. Дұрыс тасымалданбаған сөз: А) бал - апан В) күрес - ші С) ор – маншы
12. Жуан буынды сөздер:
А) қоңырау, сабақ В) терезе, гүл С) оқушы, мұғалім
13. Бітеу буынды сөздер:
А) мереке, үлгі, аула В) дәптер, мектеп, гүл С) сұлу, жұқа, кіші
14. Үндестік заңы неше түрге бөлінеді? А) 2 В) 3 С) 4
15. Буын үндестігіне бағынбайтын сөз: А) айлар В) жемқор С) жаздың
16. Үндестік заңына бағынбайтын қосымша:
А) –ған, -ген В) –қа, -ке С) –нікі, -дікі
17. Сөз құрамына жататын бөлшектер:
А) дыбыс, әріп В) буын, түбір С) түбір, қосымша
18. Түбір сөз: А) ән В) әнші С) әнқұмар
19. Түбірлес сөздер: А) төбе, есік В) өзен, көл С) қалам, қаламгер
20. -шы, -ші –жұрнақтардың түрі:
А) сөз тудырушы В) сөз түрлендіруші С) сөз құрамы
21. Жұрнақ жалғанған сөз:
А) жұмыста В) жұмысқа С) жұмысшы
22. Сөздерге жалғанатын тиісті жұрнақтарды белгіле.
Асық..., қи..., жағалас..., ұмыт... .
А)-ма,-па,-пе,-ме В) –па,-ма,-па,-па С)-па,-пе,-ба,-бе
23. Қалау райдың жұрнақтары: А)-са,-се В)-ған,-ген С)-ғы,-гі
24. Тұйық етістік жұрнағы: А)-шы В)-лы С)-у
25. Көптік жалғаулы сөз: А) сызғыштар В) мамандық С) әжем
26. Көптік ұғым беретін сөздер:
А) дәптер, біз В) құм, қымыз С) қазақ, ақын
27. Тәуелдік жалғаулы сөз: А) таңбасы В) шаңырақ С) күй
28. Шығыс септіктегі зат есім:
А) еттің В) жастыққа С) өмірден
29. Жалғаудың төрт түрі де жалғанған сөз:
А) аттанармын В) жазушыларымыздансың С) бақыттысыңдар
30. Жіктік жалғау жалғанған зат есім:
А) Ғылым таппай мақтанба.
В) Сен өз жігіттеріңе басшысың.
С) Ақыл азбайды, білім тозбайды.