Тест сұрақтарына жауап беріңіз (Жауапты (мысал ретінде) «1-С» үлгісінде жазасыз). 1. Оқулықтың 47-бетіндегі мәтінде демеулік шылау нешінші сөйлемнің құрамында кездеседі?

А) 1

В) 3

С) 6

Д) 7

Е) 8

 

2. Демеулік шылаудың неше түрі бар?

А) 2

В) 3

С) 4

Д) 5

Е) 6

 

3. Болжалдық демеулікті табыңыз.

А) ғана, қана

В) ғой, қой

С) ма, ме, ба, бе, па, пе

Д) –мыс/-міс

Е) түгіл, тұрмақ

 

4. Шектік демеулікті табыңыз.

А) ғана, қана

В) ғой, қой

С) ма, ме, ба, бе, па, пе

Д) –мыс/-міс

Е) түгіл, тұрмақ

 

5. Демеулік шылаудың түрін табыңыз.

Үлкен үйдің терезелерінен ғана жарық көрінеді.

А) болжалдық

В) күшейткіш

С) нақтылау

Д) сұраулық

Е) шектік

 

6. Дефис арқылы жазылатын демеулікті табыңыз.

А) ау

В) ғой

С) да, де

Д) ма, ме

Е) түгіл, тұрсын

 

7. Шектік мәндегі демеулік шылауды табыңыз.

А) Ақырын күңкілдеген дыбыстар ғана естіледі, үй маңындағы әлсіреген аттар ғана жылтылдап көрінеді.

В) Жазғы ауыл түгіл, қыстауды да салдық.

С) Мейрам әлдекіммен телефон арқылы сөйлесті.

Д) Мылтығы сорайған солдат осы қашып кетер-ау дегендей өкшесін басып келеді.

Е) Олар елге пана ғой, олар елге аға ғой.

 

8. «тек» шылауының мағынасын табыңыз.

А) болымсыздық

В) күшейткіш

С) нақтылық

Д) сұраулық

Е) шектік

 

9. «-ау» шылауының мағыналарын табыңыз.

А) болжалдық, күшейткіш

В) күшейткіш, болымсыздық

С) нақтылық, болжалдық

Д) сұраулық, күшейткіш

Е) шектік, болжалдық

 

10. Сөйлемде қандай демеулік қатысқан?

Ертеде бір Сарыбай деген бай кісі болыпты-мыс.

А) болжалдық

В) болымсыздық

С) нақтылау мәнді

Д) сұраулық

Е) шектік​

Суховруктик Суховруктик    2   15.02.2021 08:30    3

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi