тест по казахскому! 1. Жіңішке буынды сөздер қатарын көрсетіңіз.
А) сынып, парта В) дәптер, қалам С) мереке, білім Д) қыркүйек, қоңырау Е) кітап, оқушы
2. Жуан дауысты дыбыстарды тап.
А) А,Б,З,Ө. В) Ә,Е,О,Й,І. С) А,О,Ұ,Ы. Д) А,Б,И,Е.
3. Дауыссыз дыбыстардың түрлерін ата.
А) Ашық,қысаң,қатаң.В) Үнді,ұяң,қатаң.С) Еріндік,езулік,жуан.Д) Жіңішке,ашық,ұяң.
4. Буынға дұрыс бөлінген сөзді белгіле.
А) Ша-пал-ақ-тап. В) Шапал-ақтап.С) Ша-па-лақ-тап.Д) Ша-палақ-тап.
5. Антоним сөздерді тап.
А) Көк,көкшіл.В) Ақ,қара.С) Оқушы,шәкірт.Д)Ұғымтал,зерек.
6. Сөздің одан әрі бөлінбейтін мағыналы бөлігін ата.
А) Туынды сөз.В) Түбір сөз.С) Күрделі сөз.Д) Негізгі сөз.
7. Көптік жалғаулы сөзді тап.
А) Еңбектің,мектептер.В) Ұшқыштар,дәптерлер.С) Кітаптар,сызғыш. Д) Атанамыз,оқушылар.
8. Тәуелдік жалғауының II жағында тұрған сөзді тап.
А) Қалам.В) Басы.С) Арманың.Д) Балама.
9. Жалпы есімді көрсет. А) Тайбурыл.В) Өскемен.С) Есіл.Д) Мал.
10.Табыс септігінің жалғауын тап.
А) -ны,-ні,-ды,-ді,-ты,-ті,-н.В) -да,-де,-та,-те,-нда,-нде.
С) -ға,-ге,-қа,-ке,-а,-е,-на,-не. Д) -ым,-ім,-м.
11. Заттың сынын білдіретін сөзді көрсет. А) Қаз.В) Сұлу.С) Ауа.Д) Жауын.
12. Б.Момышұлы кім екенін көрсетіңіз.
А) Қайраткер. В) Әнші. С) Суретші. Д) Сазгер. Е) Жауынгер-жазушы.
13. Өсті, құйды деген сөздер қай сөз табына жататынын анықта.
А) Етістік. В) Зат есім. С) Сан есім. Д) Сын есім.
14. Достық туралы мақалды табыңыз.
А) «Көп қорқытады» В) «Өнер алды-қызыл тіл» С) «Жаман жолдастан таяғым артық»
Д) «Білім кілті-тіл» Е) «Сөздің көркі-мақал»
15. Туған жер туралы мақалды белгілеңіз. А) Ұят-адамның өз бойындағы адамшылығы. В) Тіл қылыштан өткір. С) Әке-балаға сыншы. Д) Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келеді.
Е) Ит тойған жеріне, ер туған жеріне.
16.Сұраулы сөйлемді көрсет.
А)Айжан-тәртіпті оқушы B)Анаңа көмектестің бе C)Асан жүзді D) Ауа райы қандай жақсы Е)Көктем.
17.Бір ғана тиянақты ойды білдіретін дара сөйлемді көрсет.
А)Құрмалас сөйлем .B)Жай сөйлем. C)Жайылма сөйлем. D)Жалаң сөйлем. Е)Атаулы
18.Кім?не?кімдер?нелер? сұрақтарына жауа беретін сөйлемнің негізгі мүшесін тап.
А)Баяндауыш B)Бастауыш C)анықтауыш D)Тұрлаусыз мүше. Е)Пысықтауыш
19.Қаратпа сөз бар сөйлемді көрсет.
А)Алақай, ертең театрға барамыз. B)Қызым, су әкеп берші.
C)Күн күркіреді де, жауын жауып кетті. D)Күлән су әкелді ме? Е) Мен де бардым ғой.
20. Сөйлемнің тұрлаулы мүшесін көрсетіңіз:
А) толықтауыш В) анықтауыш С) бастауыш Д) пысықтауыш Е) еліктеуіш
21 Салыстырмалы шырайдағы сын есімді көрсетіңіз
А) жақсырақ В) аппақ С) ұп-ұзын Д) ең үлкен Е) жалғыз
22. Тасымалданбайтын сөзді көрсетіңіз А) нәрсе В) сәуір С) қымбат Д) есті Е) спорт
23. Синоним сөздерді табыңыз
А) құс, қаршыға В) ата, әже С) жасыл, сары Д) әндету, өлеңдету Е) мектеп, класс
24. Әбілхан Қастеев кім екенін анықтаңыз.
А) Тарихшы. В) Зеттеуші. С) Сазгер. Д) Суретші. Е) Жазушы.
25. Одағай сөзді табыңыз. А) Паһ-паһ. В) Талапты. С) Ұлдың. Д) Мырс. Е) Жеңіс