Тест
1. Кейінді ықпалды табыңыз.
A) Бұғы-маралы
B) Қару-жарағы
C) Шөп-шаламы
D) Өзен-көлі
E) Орман-даласы
2. Ілгерінді ықпал қатысқан сөйлемді көрсетіңіз.
A) Ханзада аң аулауға жалғыз өзі шығады.
B) Көкжиек балқыған нұрға бөленеді.
C) Арқардың саны жылдан-жылға азаюда.
D) Таяз суда итбалық көп кездеседі.
E) Сілеусін жемін өте сақтықпен аулайды.
3. Ілгерінді ықпал қатысқан мақал-мәтелді көрсетіңіз.
A) Қыз ұшса қияға, ұл ұшса, ұяға.
B) Орман мен тоғай көк жапыраққа малынған.
C) Бала сарайдағы шөптен күшікке үйшік жасады.
D) Көктемде дала тіршілігі басталады.
E) Шағалалар суда жақсы жүзеді.
4. Кейінді ықпалды көрсетіңіз.
) Баланы
B) Қаламы
C) Күздік
D) Қысқы
E) Күрегі
5. Сөз дауысты дыбысқа аяқталса, жалғау қандай дыбыстан басталатынын анықтаңыз.
A) Қатаң немесе ұяң дауыссыз дыбыстан
B) Тек ұяң дауыссыз дыбыстан
C) Үнді немесе ұяң дауыссыз дыбыстан
D) Тек үнді дауыссыздан
E) Қатаң дауыссыз дыбыстан
6. Ілгерінді ықпал бойынша қосымшасы дұрыс жалғанған сөзді көрсетіңіз A) Арайқа
B) Арайтан
C) Арайлы
D) Арайбен
E) Арайты
7. Ілгерінді ықпал бойынша қосымшасы дұрыс жалғанған сөзді көрсетіңіз. A) Жазте
B) Жазға
C) Жазке
D) Жазта
E) Жазқа
8. Ілгерінді ықпал бойынша қосымшасы дұрыс жалғанған сөзді көрсетіңіз. A) Тасдер
B) Тасдар
C) Тастар
D) Таслар
E) Тастер
9. Ілгерінді ықпал орындалатын сөзді көрсетіңіз.
A) Сәбит
B) Сәрсен
C) Сәтжан
D) Сәтбай
E) Сәкен
10. Соңғы дыбысы кейінді ықпалға түскен түбір сөзді табыңыз.
A) Аяқтал
B) Тебінді
C) Қарттық
D) Жауыздық
E) Кенттік