Тексты про профессии казахстана, на казахском языке

dragogogo dragogogo    1   03.10.2019 04:20    8

Ответы
alesa12102006 alesa12102006  21.08.2020 20:57
Мамандық таңдау – өміріңіздің бір кірпішін дұрыс қалау.
 Ең қиын мамандық – адам болып қалу. Хосе Хулиан Марти

Мамандық… «Мамандық» сөзінің өзі латын тілінен аударғанда: «жұрт алдында сөйлеу, жариялау» дегенді білдіреді екен. Бірақ болашағымызбен тікелей байланысты бұл сөздің бұлай аударылатынын қазіргі жастардың көбісі біле бермейді, тіпті менде енді ұға бастағандаймын. Бұрындары, яғни есте жоқ, ескі заманда мамандықтың қазіргідей түр-түрі болмаған, әр адамның өз қолынан қандай жұмыс келеді сол жұмысты істеп, өмір сүрген. Ал қазір ше? Заман өзгерген сайын, адам да жетіліп, нарықтық қарым-қатынас пайда болып, қоғам дамып, дүниеге түрлі жұмыс, сәйкесінше, түрлі мамандық келе бастады, әлі де олардың шегі көрінер емес. Дегенмен саны бар, сапасы болмаса оның елімізге, өзімізге не пайдасы бар?!
Мамандық таңдау деген — өзің айналысқың келетін жұмысты таңдау ғана емес, өзің араласқың келетін ортаны да таңдау. Ат ық таңдағанда" деп бекер айтпаса керек. Мамандық – қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі. Біреулер үшін – ол ойға алған арманның орындалуы, отбасы дәстүрін жалғастыру, келесі біреулер үшін – жаңалыққа, дербестікке талпыныс, үшінші біреулерге — әйтеуір бір мамандық алу керек болған соң. Мамандық таңдау – тағдырыңды таңдау деген сөз. Кейінгі өмірде өкінбейтіндей, өз қабілеті мен бейімділігіне сай кәсіп түрін таңдау… Бұл — өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандықты таңдау үшін, адам ең алдымен өзін, өз бейімділігін тануы қажет. Өз — өзіне «Мен кіммін?», «Осы өмірдегі менің орным қандай?», «Қалай өмір сүремін?» деген сұрақ қоюы керек деп ойлаймын. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйенуі керек. Ең алдымен, осы сұрақтарды өз-өзіме қойған кезде, бір сәт болсын үлкен жауапкершілікті сезініп, нақты әрі салмақты түрде ойлана бастадым. Жастық шақтағы мамандығым? Алғаш естіген құлаққа ерсі естіледі екен. Себебі, жастық шақтағы мақсаттардың өзі үлкен-үлкен армандардың бастауы еді. Яғни ол кезде тек армандаумен шектелетін едік. Ал уақыт өте мүлде басқа көзқарастар, мүлде басқа пікірлер қалыптасады екен. Мен өзім жастық шағымда әйгілі суретші боламын деп, армандаушы едім. Әкем шамамен төрт жасымда алғаш рет сурет өнері мектебіне бара бастағанымның құрметіне орай, үлкен бояулар коллекциясын сыйлағанда, екі көзім домалақтанып, қалай қуанғаным әлі есімде. Бүгінде сол арманның ұшқыны қалған ба, әйтеуір бір бүйрегім суретке бұрып тұрады. Ал қазіргі мамандығым… Тіл. Ана тілім. Елімнің биік болашағы. Сауатты ұрпақ. Ойлай берсең, ойлай бергің, қиялдай берсең әсте тоқтағың келмес. Сол әлемнің бір бөлшегі болып, өз қиялында қалқып жүре бергің келеді. Шындығында бұл асыл құндылықтар туралы, мен сияқты шынайы ойлайтындар өкінішке орай қазіргі таңда өте аз. Мен бұл мамандыққа қалай, қашан келдім? Соңғы сұрағына нақты жауап бере алмасам да, алғашқы сұрақтың жауабын анық білемін. Поэзия, роман, лирикалық жырлар міне осылардың арқасында менің әдебиетке деген, тілге деген қызығушылығым ояна бастады. Лирикалық жырларды оқыған кезде, сезімталдығымның әсерінен болар, ерекше бір сезімге бөленетін едім. Айналадағы барлық құбылыстар, өзгерістер, қарым-қатынастар барлығыда маған тек жақсы жақтарынан көрінетін. Сонымен қатар, елі қуанса, бірге қуанып, мұңайса, бірге мұңайып өткен ғасыр ойшылдары А.Байтұрсынұлы мен Ы.Алтынсариннен бастап, қазіргі ұрпақтың қамын ойлап, ана тілімізді дәріптеп жүрген Шерхан Мұртаза, Мұхтар Шаханов және де жақын арада ғана қазақ еліне өзінің үлкен мұрасын қалдырып кеткен Фариза Оңғарсынова, Мархабат Байғұт сынды текті жазушылар мен ғұламалардың, айналамдағы мәдениеттілік пен салт-дәстүрді қатаң ұстанатын үлгілі ұстаздарымның арқасында қызығушылығым одан сайын артып, шабытым ұлғая түсті. «Шабытынды шарықтат, сонда ғалам сен үшін бұрын қамал тұрған жерлерден жол ашады», - деп атақты ағылшын ойшылы Джозеф Кэмпбэлл айтқандай, адам шың жүрегімен қатты қалаған, талпынған ойы міндетті түрде жүзеге асады деп ойлаймын. Ал ол үшін талпыныс қажет. Алға талпыну – тыныштықты жоғалту, бір орында қалып қою – өзіңді жоғалту болып саналады. Одан соң болжау, нақты қайда бара жатырсың, не үшін бара жатырсың, соны болжалдап, нақтылап алып болған соң ғана талпынуымыз керек. Ал жетістіктерге қол жеткізу үшін, әрекет етіп қана қоймай, қиялдауымыз да керек, жоспарлап қана қоймай, сенуіміз керек. Ең бастысы – сенім. Алға қойған мақсаттарым үшін еңбек етсем, сол мақсаттарым болашақта елім үшін, мен үшін еңбек ететін болады. Мен оған сенімдімін. Маған және Отаныма еңбек ететін мақсатты дұрыс таңдағаныма сенімдімін!
ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi