ТЕКСТ ЗАДАНИЯ ЖАЗЫЛЫМ. 2-тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңыз. Тапсырмаларды орындаңыз. Домбыра – бабадан қалған мұра, ұлттық саз аспабы. Домбырада ойнау, домбыра үнін тыңдау - әлемдегі ең нәзік те ғажайып сезімге бөлену деген сөз. Домбыра туралы әңгіме қозғалғанда көңілде қазақы тәрбие, қазақтың салты мен дәстүрі тұрады. Домбыра аспабын үйреніп, ойнау арқылы ұлттың барша қасиетін түсінуге болады. Домбыра үні арқылы адам ішіндегі түрлі ойлардан тазарып, күш-қуатын жөндей алады. Домбыра аспабын меңгеру арқылы адамның ойлау қабілеті артады, мәдени ой-өрісі жоғарылап, білімге, еңбек етуге деген құштарлығы арта түседі. а/ Мәтіндегі ойды дамытып, жалғастырып жазыңыз. Жазылымда мақсат пен себеп-салдар үстеулерін қолданыңыз