ТЕКСТ ЗАДАНИЯ Оқылым
Шоқан (Мұхаммед-Ханафия) Уәлиханов 1835 жылы қараша айында қазіргі Қостанай облысының Құсмұрын
бекінісінде дүниеге келген. Қазақтың ұлы ғалымы, XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда туған
демократтық, ағартушылық мәдениеттің тұңғыш өкілдерінің бірі, шығыстанушы, тарихшы, фольклоршы,
этнограф, географ, ағартушы. Әжесі бала күнінде «Шоқаным» деп еркелетіп айтуымен, «Шоқан» аталып
кеткен.
Жасында ауыл мектебінен мұсылманша хат таныған, кейін Омбыдағы кадет корпусында оқиды. Онда
әскери сабақтарға қоса жалпы және Ресей географиясы мен тарихы, батыс философиясы, физика
негіздері, шетел тілдері оқытылған. Шоқан үздік оқыды.
Шоқанның зерттеушілік қабілеті оқып жүргенде оянған. Жазғы демалыс кездерінде ол ел ішіндегі аңыз,
әңгімелерді, халықтық жырларды жазып алумен айналысады. Шоқан қазақ тарихын зерттеуге ерекше ден
қойды. Шоқанның тамаша еңбектерінің бірі «Алты шаһардың жайы туралы» деген шығармасы. Бұл
еңбегінде Шоқан Түркістанның ескі заманнан XIX ғасырдың ортасына дейінгі қысқаша тарихын жазған.
Шоқан 1865 жылдың сәуір айында қайтыс болған.
2-тапсырма. Мәтінде жауабы бар сұрақтарды анықта
Верных ответов: 2
Шоқан қалай оқыған?
Ш. Уәлиханов кіммен дос болған?
Ш. Уәлиханов жазғы демалыс кезінде немен
айналысқан?
Ш. Уәлиханов қандай зерртеулер жазған?
Вперед
Шоқан үздік оқыған.
Шоқан кйммен дос болғаны жазылмаған мәтінде.
Шоқан жазғы демалыс кезінде ол ел ішіндегі аңыз әңгімелерді халықтық жырларды жазып алып жүрген.
Шоқан Қазақ тарихын зерттеуге ерекше ден қойған.Шоканның тамаша енбектерінің бірі Алты Шаһардың жайы туралы шығармасы.