ТЕКСТ ЗАДАНИЯ 4-тапсырма. Мәтінді оқы. тапсырмаларды орында,
Қазақ даласында қолөнер ерте дамыған. Қазақ халқы күнделікті
тұрмысқа қажет заттарды қолдан жасаған. Оларды талғаммен әшекейле-
ген. Қазақтар киіз басып, сырмақ жасау, кесте тігу, алтын-күмістен әшекей
жасау технологиясын керемет меңгерген.
Қазақ жерінде өмір сүрген массагеттер барлық затты әшекейлеген.
Ол туралы Геродот: «Олардың барлық заты алтын мен мыстан жасалған.
Соғысқа қажет құралдары, оқтары мен айбалталары мыстан жасалған.
Баскиім, сәукеле, белдік, әшекейлері алтын-күмістен, асыл тастардан
жасалған. Сондай-ақ атәбзелдері, құрал-сайманы мыстан жасалған, ер-
тұрманы алтынмен әшекейленген», деп жазады.
Тапсырма: Мәтін бойынша екі тірек сөзбен екі сұрақ құрастыр.

Artemka1610 Artemka1610    1   04.05.2021 09:08    0

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi