Текст задания 2-тапсырма. мәтіндегі негізгі ойды анықтауға тірек болатын 3 сөйлем жаз. бүгін біздің пайдаланып отырған энергия көздері - жер асты пайда қазба қорлары - мұнай, көмір, табиғи газ барлық энергоқорлардың 90% құрайды. жаһандану дәуірінде энергетикалық сұранысты қанағаттандыра алатын энергия көзі - күн энергиясын қолдану. күн - энергияның аса қуатты көзі. қазіргікезде күн энергиясы халық шаруашылығында- гелиотехникалық құрылғылар (жылыжай, саяжай, суқайнатқыш, сужылытқыш, кептіргіш сияқты әр түрлі қондырғылар) ете жиі қолданылады. бүкіл әлем қоршаған ортаны ластамайтын баламалы энергия көздеріне қол жеткізуге кірісіп кетті. көгілдір отын және көмірмен жұмыс істейтін стансаларда өндірілетін қуат арзан, бірақ олардың қоры шектеулі. сондықтан күн батареялары мен жел стансаларының қымбаттығына қарамастан, энергия өндіру бағытында жаңғыртылатын қуат көздерін құру бүгінгі және болашақ үшін өте маңызды. қазақстанның географиялық қоныстану аймағы жел, күн және суэнергиясын молынан пайдалануға мүмкіндік береді. сонымен бірге, қазақ даласында геотермальдық энергия көздері де жетерлік. қуат жетіспеушілігі мәселесін шешудің бір амалы - қуатты үнемдеу. қуатты үнемдеуге бағытталған шаралар қазақстандағы нағыз балама қуат көздері болып табылады. энергия мен қорларды үнемдейтін технологияларды дамыту барған сайын өзекті мәселеге айналып барады