ТЕКСТ ЗАДАНИЯ 1-тапсырма. Мәтінді оқы. Көтерілген мәселені анықта. Көтерілген мәселеге қатысты өз ойыңды
«попC» формуласы арқылы жаз.
Ата-бабаларымыздан қалған құндылықтардың бірі – бір ананың баласындай, бірге туып өскен бауырдай
болып үлкенге құрмет, кішіге ізет ету. Аналардың өсиеттерімен, қариялардың батасымен, тоғыз ай
толғатып, өмір сыйлаған аяулы ананың ақ сүтімен, асқар таудай әкенің тәрбиесімен бойға сіңген игі
қасиеттер өскелең ұрпақ болашағының жарқын болуына бірден-бір таптырмас кепілдік болар еді. Осы
тұста мынадай сұрақ туындайды: Болашақ кімнің қолында?! Ол сіз бен біздің қолымызға көшетін бір
мемлекеттің тамыры тереңге кеткен тағдыры деп білемін. Ал тағдырды тағылымды да тарихи етіп жазу
тағы да бізге байланысты. Біз деген кімдер?! Олар – кеудесінде «ұлтым» деп соғатын жұдырықтай жүрегі
бар, жүрегінде отанға деген сүйіспеншілік сезімі бар, ұлттық болмысы сақталған Қазақстанның азаматтары
мен азаматшалары.
Ұлттық құндылықтар - ұлт қорғаны. Неліктен?! Себебі «Ел боламын десең, бесігіңді
түзе» деп Мұхтар Әуезов айтқандай, ұлт қорғаны болу үшін де бесікте берілер тәлім-тәрбиенің нәрімен жас
сәби сусындап өсуі қажет. Сәби кезде құлағына анасының әуелеген бесік жыры мен кимешек киген
әжесінің айтқан ертегілері, аңыз-әңгімелері сіңірілуі тиіс.
Ұлттың болмысы рухани құндылықтардың сақталуынан айқындалады. Ал осы тұста
«құндылық дегеніміз не?» деген сұраққа жауап іздеп көрелік. Құндылық дегеніміз – ата-бабамыздан
жалғасын тауып осы кезге дейін жеткен әдеп-ғұрыптарымыз, салт-дәстүрлеріміз, тәлім-тәрбиеміз, дініміз. ​

goida82 goida82    2   04.05.2021 06:52    31

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi