Текст. Оның қазіргі атауы 20 ғасырда пайда болған. Теңіздің мөлшері кішірейіп, судың бетінен бірнеше аралдар көрінгендіктен, жергілікті тұрғындар оны «Арал» теңізі деп атап кеткен. 1950 жылдары жер бетіндегі ең үлкен көлдердің арасында, 4-ші орында болған. Көлемі 68 мың км2-ды құраған. Қазіргі уақытта, оның көлемі 8 есе азайды (8303 км2). Өткен ғасырдың ортасында, Әмудария мен Сырдария өзендерінің арналары жасанды түрде өзгертілді. Дала аймақтарындағы егістік жерлердің құнарлылығын арттыру үшін, оларды осы өзендердің көмегімен суара бастады. Нәтижесінде, Аралға құйылатын судың ағымы күрт азайып, оның құрғап қалуына әсер етті. Ғалымдардың айтуынша, болашақта теңіздің орнында Арал-Құм шөлі пайда болады. Ол Қызылқұм және Қарақұм шөлдерінің жалғасы болады. Теңіз жойылып кеткен соң, оның айналасындағы климат та өзгереді. Кеуіп қалған жерлерінен 60-қа жуық тарихи және сәулет ескерткіштері табылды. Зерттеушілердің айтуынша, ежелгі уақытта бұл жерде адамдар өмір сүрген. Судың түбінен: керуен жолдарының іздері, тастар, кірпіш шеберханасы, шамдар мен монеталар, ірі диірмендер мен астық қоймалары табылды. Ол ерекше теңіз. Қазіргі таңда, бұл су қоймасында 11 миллион тонна тұз бар.. Арал теңізінің құрғауы – адамның кесірінен туындаған экологиялық апат. Аралдың экожүйесін қалпына келтіруге бағытталған жұмыстар жүргізілуде, бірақ үлкен пайда әкеліп жатқан жоқ.

Составьте 5 вопросительных предложений по тексту.

Напишите глаголы ата, көрін, бар, табылды, әкел в отрицательной форме.

Найдите в тексте числительные и напишите.

3 задания !

Alina9392010 Alina9392010    1   29.04.2021 05:58    1

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi