Текст на казахском языке кукольный театр

charykovavesna charykovavesna    1   22.09.2019 19:20    3

Ответы
kisel2014 kisel2014  08.10.2020 10:20

Қуыршақ театры – қуыршақтар арқылы ойын көрсететін театрдың бір түрі. Қуыршақты актер қимылға келтіріп, оның сөзін көбінесе өзі, кейде көркемсөз оқушы айтып тұрады. Қуыршақ түріне, оны қимылға келтіру тәсіліне, сахнасына қарай қуыршақ театры бірнеше топқа жіктеледі: киілмелі (қолға киіп ойнайтын), сылдырмақты (жіп немесе сым арқылы қозғалтатын), суретке түсірілген қуыршақтармен (қағаздағы қуыршақ кескінін экранға түсіретін) ойын көрсететін театрлар, т.б.[1]

Қуыршақ театры жайындағы алғашқы деректер Аристотель, Геродот, Ксенофонт, Апулей еңбектерінде кездеседі.

11-ғасырда “Діни жазба” тақырыбына ойын көрсететін қуыршақ театрының ерекше түрі пайда болды. Театр ойынындағы басты бейне Марияның атымен марионетка қуыршағы дүниеге келді. Шіркеу мен бай-манаптарды келеке еткен халық қуыршақ театры діни театрмен қатар туды. Оларды, көбіне қудалап отырды. Халық қуыршақ театры жайындағы тұңғыш жазба мұра Италияда сақталған.

19-ғасырда француз қуыршақ театры өркен жайды. Қазіргі кезде қуыршақ театры Еуропа мен Америка елдерінде кең дамыған. Қуыршақ ойыны Ежелгі Шығыс елдерінде (Үндістан, Индонезия, Қытай, Жапония, Иран, Түркия) өркендеді. Бұл елдердегі қуыршақ театрының репертуары мифтік сюжеттер мен батырлық эпостарға, сықақәңгімелерге құрылды.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi