ҚАРА ТАС Мерей екінші сыныпта озат оқиды. Бір күні сәтсіздікке ұшырады. Сырғанақты көбірек теуіп, математикадан үйге берілген тапсырманы орындамай, сол күйінде мектепке барды. Күнде шошаңдап тыным таппайтын қолы бүгін көтерілмей, мұғалім алдында өзінен-өзі қысыла берді. Мұрны партаға тиердей, басы салбырап кетті. Мұны байқаған мұғалім дереу келіп Мерейдің дәптерін қараса, кешегі мектепте шығарылған есептен кейін еш нәрсе жазылмаған. Күнделікке екілік баға қойылды. Мектептен қайтар жолда Мерейге көрші бала жолығып қалды. Мерей сөмкесін жерге сүйрете жаздап, әрең көтеріп келеді. Мұның ішінде "Қара тас" жатыр,-деді ол.
Мерей екінші сыныпта озат оқиды. Бір күні сәтсіздікке ұшырады. Сырғанақты көбірек теуіп, математикадан үйге берілген тапсырманы орындамай, сол күйінде мектепке барды. Күнде шошаңдап тыным таппайтын қолы бүгін көтерілмей, мұғалім алдында өзінен-өзі қысыла берді. Мұрны партаға тиердей, басы салбырап кетті. Мұны байқаған мұғалім дереу келіп Мерейдің дәптерін қараса, кешегі мектепте шығарылған есептен кейін еш нәрсе жазылмаған. Күнделікке екілік баға қойылды. Мектептен қайтар жолда Мерейге көрші бала жолығып қалды. Мерей сөмкесін жерге сүйрете жаздап, әрең көтеріп келеді. Мұның ішінде "Қара тас" жатыр,-деді ол.