текст Ана – жер – ана (Үзінді) Ш. Айтматов. Толған Ай: Уа, армысың, киелі далам! Жер: Дені - қарның сау ма, Толғанай! Өзің бе келген? Толғанай: Бүгін шәйіт кеткен бауырларымды еске алатын кеді. Жер: Білем, білем. Мен де күтіп жатқанмын, Толғанай. Япыр - ау, бұл жолы да жалғызбысың? Толғанай: Қайтейін, тағы да жалғыз келдім. Жер: Демек, немереңе тыс жарып ештеңе айтпаған сыңайың бар ғой, Толғанай? Толғанай: Айтпадым, аузым бармады. Жер: Болған хикаяны оған баяндайтын бір адам өмір бойы табылмас деймісің? Халық аузына қақпақ қоя алмайсың. Туған анасының қасіретті күйде кеткенін, әкесінің кім екенін әдейі болмаса да, әлдебіреулердің айта салу қаупін ойладың ба? Толғанай: Жоқ, онда не тұр? Ерте ме, кеш пе әйтеуір бәрі мағлұм болары анық. Шүкір, өзі де азамат болып қалды ғой. Ендігі жерде өзгеден ести қалғанда да оғаштығы жоқ. Айтайыншы - ақ деп бел байласам да, шынтуайтқа келгенде, бойымды бір қорқыныш билейді де, ауыз аша алмай қала берем. Жер: Не десең, о де, адам болған соң өзі туралы шындықты біліп жүруі шарт Толғанай! Толғанай: Түсінемін - ау, бәрін де, тек қалай бастауды білмей жүрген жоқпын ба? Өзіңе де айдай аян, мына мен білетін шындықты, мейірімді Жер - анам, сол жалғыз немеремнен басқа жұрттың бәрі біледі. Мен сол хикаяны түгел біле қалған шақта ол не ойлар екен деп қиналам. Бастан кешкен күндердің кірбеңді кейпіндегі шындықты жан жүрек, ақыл - зердесімен таныр алар ма. Біз өткен өмір шырғалаңдарының шытырман шатқалдарына бала түгілі кейбір ересектер де байыппен қарай бермейді - ау! Әрі толғанып, бері толғанып келгенім: жас жүрек емес пе, болған іске болаттай бел буып дұрыс ұқса, өмір жолы дегенің оңай дүние емес екенін терең түсінсе жарар еді - ау деген ойға тіреліп жүрем. Мен оған өзінің жеке басының тағдыры туралы ғана емес, халықтың тағдыр - таланы, өз жайымды, заман сырын, көп құпияны бауырына басып жатқан мына сен туралы, қасиетті даламның кімдікі екенін білмей мәз болып мініп жүрген велосипедінің тарихына сезімтал қылып, парасатты ақыл иесі етіп берсе, ол бәріне де түсіністікпен қарайды. Бұған күмәнім жоқ. Уа, Жер - ана, бұл өз алдына бір басқа. Жарық дүниеде тіршілік ететін бар а не ойлайды. Менің олармен де тілдескім келеді. Әр адамның жүрегіне қалай жол табарсың, өзің киелі анам, бәрімізге ана – өзің ғой. Адам біткеннің бәріне өзің анасың, тек өзің ғана айтшы!
Жер: Жоқ, жоқ, Толғанай, сен айт. Сен адамсың, сен бәрінен де үстемсің. Сен бәрінен де парасаттысың, өйткені сен адамсың! Сен – Анасың. Сен сөйле. Бері жақында. Аяғыңның сырқаты бар ғой, түрегеп тұрма. Кел, мына бір тасқа отыршы. Ең алғаш осы жерге келгенің есіңде ме, Толғанай? Сен кім едің ол кезде? Толғанай: Кім едің дейсің бе! Жазы жабырқау, қысы құрсау болып жүрген кедейдің жалаңаяқ қызы едім. Жібек көйлек кимесем де, көз тартар қыздардың бірі болып өстім. Әрдайым өз көлеңкеме өзім қарап жүруге құштар едім. Көлеңкемнен өзімді көріп қуанатынмын. Мінезім де қызық еді - ау. Егін орағында Сұбанқұлмен кездескенде аттай он жетіде екенмін. Жұмысқа елден бұрын келетінбіз. Ауылдың сыртындағы жалғызаяқ жолда Сұбанқұл таң атпай күтіп тұратын... (өзімен өзі) Мен үшін нан деген аса киелі дүние. Аузыма бір үзімін салып едім, өзіме белгісіз бір дәмін сездім.
Мен өмірімде дәл сондай тәтті нанды жеп көрген жоқпын. Өйткені, ол менің баламның наны, ол өзімнің комбайн айдаған қолыммен тураған нан еді - ау. Не деген тәбәрік нан еді сол. Балам үшін сол жолғы қуанышымда шек жоқ болды. Ана бақыты деген халықтың қалың ортасынан тамырлай шығатын бір ғана жапырақ екен ғой деген сөз сонда алғаш тіліме оралды. Ана тағдыры деген халық тағдырына тамырлас жатыр. Менен қаншама тағдыр қатыгездік көріп, басымнан небір қиын күндер өтсе де, осы сенімнен танбайын. Халық, қауым аман, менің де тірі жүргенім сондай. (Қасым мен Әлиман жоқ. Толғанай басын төмен салып отыр).
Жер: Көтер басыңды. Толғанай, өзіңді өзің ұстай біл! Толғанай: Жарайды, жарайды, қайтейін қолымнан келер істен мен тынбайын. Сол бір күн есіңде ме, Жер - ана!
Жер: Есімде болғанда қандай... Мен еш нәрсені ұмытпаймын ғой, Толғанай! «Тарихтың бәрі тек кітап ішіне сыйып, халық жадында ғана қалады», – деу қате. Бар әлем тарихы мына менің қойнымда. Сенің бар өмір шежірең де, Толғанай, менде, менің жүрегімде, Толғанай!.
Жер: Уа, қасиетті Жер - ана, Сұбанқұл мен Қасымдай абзал жандар шейт кеткенде, таулар неғып теңселмей, өзендер неғып шайқалмай тұрады екен. Өзің - ақ айтшы, Жер - ана осы шындықты өзің айтшы, а соғыс, қырғынсыз тіршілік ете ала ма, жоқ па?
Жер: Сен маған аса бір ауыр сауал қойып тұрсың, Толғанай! Соғыс деген апат кейде тайпа елдерден, тұтас халықтардан із қалдырмай кеткені де бар. Өрт басып күлге айналған, талқандалып құм басып қалған қалалар да аз емес. Мына менің тірі а ң ізіне зар болған ғасырларым да болған. Әрдайым а соғысқа құлшына түсе бастағанда: «Ей, жарандар, қан төгісті доғарыңдар», – деп айтпаған кезім жоқ. Уа, жарық дүниенің иесі, а сендерге н