ТЕКСТ: Абай ауылына жеткенше асықты . - Анау Абай , Абай ғой , айналайын - ай ! Апасына айтайыншы , - деді бір үлкен әйел . - Бәсе , Телғара ғой ... Жаным - ау , мынау ... — Телғара ! - деді жас әйел . Абайдың келген хабарын естіп , анасы - Ұлжан мен әжесі – Зере сыртқа шықты . Зеренің ең жақсы көретін немересі — Абай еді . Оның тілеуін тілеп отыратын . Абай аттан түсті . Ол көп ішінен , ең алдымен , өз шешесін көрді . Соған карай жүре беріп еді , шешесі : - Шырағым , балам , ар жағыңда әкең тұр ... Сәлем бер ! - деді . Абай әкесіне қарай тез бұрылды . Әкесіне қол беріп амандасты . Әкесі : - Балам , бойың өсіп , ержетіп қалыпсың ! Бойыңдай болып білімің де өсті ме ? - деді . Ұялғанды , жауап айтпағанды кешірмейтін әке мінезі Абайға белгілі . Ол сабырмен : - Шүкір , әке , Қазіреттің рұқсатын алып қайттым , – деді . Құнанбай : - Бар , енді шешелерін жаққа бар , амандас , балам ! – деді .


ТЕКСТ: Абай ауылына жеткенше асықты . - Анау Абай , Абай ғой , айналайын - ай ! Апасына айтайыншы ,

CANDISS1 CANDISS1    3   19.09.2021 14:38    5

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi