Текст: 1993 жылғы 5 қарашада Қазақстан Республикасының Президенті - Н. Ә. Назарбаевтың қаулысымен «Болашақ» халықаралық стипендиясы тағайындалды. Бұл - дарынды жастарға арналған бағдарлама. Бастама жастардың шетелде са- палы білім алып, білім-білігін еліміздің игілігіне жаратуын көздейді. 1994 жылы бір топ қазақстандық студент тұңғыш рет шетелдегі жоғары оқу орындарына жіберіл- ді. 1994-- 2004 жылдар аралығында 785 студент "Болашақ" бағдарламасы бойынша әлемнің 13 елінде білім алды. Стипендия қызметте табысты өсудің, түлектердің кәсіби мамандануының кепілі іспетті. Қазіргі кезде бағдарлама бойынша білім алған түлектері мемлекеттік қызметте, мемлекеттік және халықаралық ұйымдарда, акционерлік құрылымдарда жауапты қызметтерді атқарып жүр. Олар мемлекеттік және халықаралық жобаларға қатысып, еліміздің дамуына улестерін қосуда. Мемлекет басшысы 2005 жылғы Жолдауында «Болашық» халықаралық стипендиясының иегерлерін көбейту туралы бастама көтерді. Осы бастаманы іске асыру мақсатында «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамы құрылды. Қазіргі кезде үміткерлер әлемдегі 32 елдің алдыңғы қатарлы 630 оқу орнында оқиды. Бүгінгі таңда магистрлік және докторлық бағдарламаларғада көңіл бөлініп отыр. Сондай- ақ еліміз үшін аса қажетті техникалық және медициналық бейіндегі мамандарды даярлау ісі де жіті назарда.

ответьте на во по тексту

Yuumiko54 Yuumiko54    3   15.04.2020 11:48    7

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi