Тек оқта-текте ауылдың үстін, тау бөктерін тұнжыр бұлт торлайтын. Бұлт сонда менің үндемес шаруақор әкеме ұқсайтын. Ал күн күркіресе, апамның ере-
сек балаларына ақырып-зекіргені есіме түсіп, жым боламын. Жаңбыр жауса,
жас баланың көз жасындай, кімді аяйтынымды білмеймін, әлдекімге жаным
ашып, жылағым келе берер. Биелер шұрқырап, құлындар құтырып, ауылды
айнала шауып, еріксіз елеңдетеді. Ала құйындай далаға сен де жүгіре жөнелгің
келеді. Енді бірде аспанға аң-таң боп қарап қаласың. Буда-буда бұлттар жалы
желбіреп, шауып бара жатқан асау айғырлар сияқты. Кішкентай қолдарыңды
созып, сол керемет дүниеге ұшып барып, әлгі қанатты тұлпардың жалынан
сипалағың келеді. Баланың бақытты шағы сол кереметке сенгенінде шығар.
Кейін есейе келе әлгі бұлттың су екенін, күннің қызуымен бу болып ұшатынын
білу қандай қатал!
Осы мәтінге қандай ат қойсам болады