Театр және мәдениет тақырыбы қазақ тілі 8 сынып 3 тапсырма

gurboolga gurboolga    2   18.04.2021 20:05    2

Ответы
LerryE LerryE  18.05.2021 21:07

Соңғы уақыттарда театр актерлеріне сыни көзқараспен қараушылар көбейіп жатқанын байқаймыз. Режиссердің жұмысы,қойылымның сценарийі,сахна мәдениетіне көңілі толмай жатқандар артты. Бірақ, ешкім көрермен мәдениетін ескермейді. Менің ойымша, осы мәселеге де ерекше көңіл бөлу керек секілді. Бүгінгі күні театрға барсаңыз, мәдениетті халықты көру қиындап кеткенін байқайсыз. Бұл ащы болса да шындық. Себебі,көрермендер қарапайым ұялы телефондарын өшірмей, қойылым кезінде оның қоңырауына ие бола алмай жатады. Жастар қойылым көруге емес, әңгіме айтып, көңіл көтеруге келетін секілді. Жырқ-жырқ күлкі, бос әңгіме театрды шын ниетімен көруге келген адамдарды мезі етіп, оларға кедергі жасайды. Тіпті театрға спорттық киіммен келетіндерді де байқаймыз. Айта берсек,кемшілік көп.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi