ТБЖ...ган - только для... 1-тапсырма. Мәтінді мұқият оқып, көтерілген
мәселені анықтаңыз. Мәселеге қатысты өз
ойыңызды білдіріңіз. Мәтіннен 2 негізгі және 2
қосымша ақпаратты анықтаңыз.
Мінез нақты адамның шыншыл, адал, ақкөңілдігіне
орай сипатталмайды, аталған сапалар әртүрлі
жағдайларда көрініс беретін жеке адам қасиеттері. Адам
мінезін біле отырып, оның алдағы ықтималды әрекеттері
мен қылықтарын күні ілгері барластырумен оларға тиісті
реттеулер және түзетулер ендіруге болады. Мінезді
адамның қандай әрекетке келетінін жаңылмай, дәл
айтуға болады. Алайда, жеке тұлға ерекшелікке бай
келеді, ал солардың бәрі де адам мінезін танытады деу
қате. Мінез көрсеткіші адамның барша жағдайлардағы
мәнді сипаты мен тұрақты сақталатын таңдаулы
қасиеттері. Егер адам қандайда дау-дамайлы жағдайда
дөрекілік көрсетсе, сондай тұрпайылық пен
ұстамсыздық осы адамның төл қасиеті деу жөн емес.
Жайдары мінезді, көңілді адамның өзі кей жағдайда
мұңайып, сылбыр халге түсуі мүмкін. Өмірге келумен
бастауын алып, мінез нақты адамның өмір барысында
қалыптасады, тұрмыс жағдайларымен айқындалады.
Тұрмыс қалпы әр адамның ойлау, сезім, ниет, әрекет
сипатын бірлікті анықтап барады. Мұнда адамның бүкіл
өмірін жан-жақты қамтыған қоғамдық шарттар мен
әлеуметтік жағдайлар маңызды келеді. Дегенмен,
мінездің нақты қалыптасуы әртүрлі деңгейде дамыған
топтарда (отбасы, достары, сынып, спорт командасы,
еңбек ұжымы ж.т.б.) қалыптасады. Осы топтар сипаты
мен оларда ардақталатын адамгершілік, қоғамдық
құндылықтарға тәуелді мүшелерінің мінез ерекшеліктері
орнығады. Мінез бітістері, сонымен бірге тұлғаның
отбасындағы абыройы, топтың басқа мүшелерімен
арақатынасына байланысты тұрақталып не, аса қажет
болса, өзгеріске түседі. Жоғары деңгейлі дамыған топ,
ұжым мінездің мәнді де ұнамды бітістерінің
қалыптасуына оң әсер етеді. Жақсы мінезді адам
қалыптастыра отырып, ұжым өз дәреже, деңгейін
арттыра түседі.
Негізгі ақпарат
Қосымша ақпарат

polinkamalinka28 polinkamalinka28    1   16.03.2021 01:28    5

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi