Тарихи ескерткіштер Ақтөбе өңірі, Хромтау ауданында Ойсылқара кесенесі бар. Этнографиялық-тарихи ескерткіш ретінде республикалық тізімге енген. Аспан астындағы құнды жәдігер. Бірақ мұны жергілікті халықтың бірі білсе, бірі білмейді. Ойсылқара - өркешті жануар пірі екенін Құмсай ауылының оқушылары тек кітаптан оқыған еді. Енді жазғы демалыстарын тарихи орында өткізіп, оның қорымын көзбен көрді. Аңыз астарында ақиқат бар. Есет осы уақытқа дейін Ойсылқараны қиялдан туған кейіпкер деп ойлаған. Енді оның өзі туған өлкеге табаны тиген адам екенін білді. Танымын кеңейтіп, тарихи әңгімелерді таңдана тыңдады.
Есет Жақыбай, оқушы:
– Көне дәуірдегі жазуларды оқығым келіп, ынтам туды және аз уақыттың ішінде тарихшы не археолог болам деген де ойлар туды. Былайша айтқанда, тарихи жерге келуімнің арқасында тарихқа деген қызығушылығым оянды. VI ғасырда бұл жерге Ойсылқараның түйесі шөгіп, кейін тасқа айналған. Қорымы да осы жерде. Аңызға арқау болған тас обаларды археолог Серік Әжіғали бастаған топ зерттеп, тіркеуге алды. Хромтау өңірінде бұдан өзге оннан аса ашық ескерткіш аспан астында тұр.
Мөлдір Нұржанова, лагерь жетекшісі:
– Мектеп бағдарламасы аясында ғана тоқтап қалмай, өзіміздің туған жерімізді әрі қарай зерттеп, тарихи жерлерге келу әлі де жоспарда бар. Хромтау жерінде этнографиялық-тарихи ескерткіштер кезең-кезеңімен зерттеліп жатыр. Қола дәуіріндегі қорымдар мен перм, карбон дәуірлеріндегі жер қыртыстары сақталған «Айдарлы аша» да шетел тарихшыларының таңдайын қақтырған.
Мәтіндегі негізгі және қосымша 3 ақпараттарды ажыратыңыз.

Негізгі ақпарат
1.
2.
3.
Қосымша ақпарат
1.
2.
3.
Көмкктесіндерші өтінем
берем

imrangaraev imrangaraev    3   20.12.2020 11:41    0

Ответы
Al2017 Al2017  19.01.2021 11:43

Объяснение:

1-тапсырма

1)B

2-тапсырма

2)B

3-тапсырма

Аймақ - өңір

Түйе - өркешті жануар

Шындық - ақиқат

Заман - дәуір

4-тапсырма

Негізгі ақпарат:

1.Ақтөбе өңірі, Хромтау ауданында Ойсылқара кесенесі бар.

2.Аспан астындағы құнды жәдігер.

3.Аңыз астарында ақиқат бар.

Қосымша ақпарат:

1.Ойсылқара- өркешті жануар пірі екенін Құмсай ауылының оқушылары тек кітаптан оқыған еді.

2.Танымын кеңейтіп, тарихи әңгімелерді таңдана тыңдады.

3.Хромтау өңірінде бұдан өзге оннан аса ашық ескерткіш аспан астында тұр.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi