ТАПСЫРМАНЫҢ Жазылым
Төменде берілген тақырыптардың бірін таңдап,
жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай
көркемдегіш құралдарды орынды қолдана
отырып, шағын мақалақұрастырып жазыңыз.
Жазылым барысында етістіктің есімше, көсемше
түрлерін, тұйық етістіктерді қолданыңыз. [7]
1. «Ұлы ерлікке тағзым»
2. "Ғылыми фантастика балалар қиялын дамыта
ма?»
Жеңіс күні – сан мыңдаған ұрпақ үшін ұлы мереке . Биыл адамзат тарихындағы ең сұрапыл , жойқын соғыс - Ұлы Отан соғысы аяқталғанына 74 жыл толады . Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін , тарихта мәңгілік қалатын күн . Бұл мереке – бейбітшілік пен қайырымдылықтың мәңгі жасампаздығын , Отанын қорғаған жауынгер - солдаттар мен офицерлердің айбыны , тылдағы Жеңісті жақындатқан жұмысшылардың ерлік еңбектерінің мәңгі өшпейтіндігін дәлелдейтін белгі болып қалмақ .Жеңіс күні — абыройымыз бен даңқымыздың мерекесі . Табандылық пен ерлік , Отанға деген сүйіспеншілік қатал соғыста жеңіске жеткізді . Бұл күнді тек соғыс майданында ұрысқа қатысқан ардагерлер ғана емес сонымен қатар майданға керекті оқ азық - түлік жеткізуші тыл ардагерлері тойлайды . Бірақ жыл өткен болашақ ұрпақтың бейбіт заманда өмір сүруіне үлестерін қосып , Отан үшін жас өмірлерін қыршыңнан қиюға дайын болған ардагерлеріміздің қатары сиреп келеді әрине , бұл жайт көңілге қаяу салады . Дегенмен уақыт өз дегенін алары хақ . Ешқашанда жауынгер ерлігі мен жеңiстi еңбегімен соққан еңбекшінің ерен ерліктері ұмытылмайды . Тәуелсіз Қазақстанымыз аспаны әрқашан ашық болсын ! Жұдырықтай жұмылған , білектей біріккен кеңпейіл Қазақ елі жасасын !