ТАПСЫРМАНЫҢ МӘТІНІ Төменде берілген екі мәтінді оқыңыз. Олардың тақырыбын, құрылымын, мақсатты аудиториясын,
олардың тілдік ерекшеліктерін салыстырыңыз.
1-мәтін
Қайран, балалық-ай десеңші! Алыста қалған арайлы адал таңдарым менің. Онда мен кіп-кішкентай сәби
едім. Ал айнала таулар да, үйлер де, қойтастар да, жылқылар да – бәрі-бәрі үлкен болатын. Адамдардың
бәрі «айналайыннан» басқа сөзі жоқ, кілең мейірімді жандар болып көрінетін... Қария кісілердің сақалынан
қасиет-қадір белгісі көрініп тұрар еді маған. Ер мінез жігіттердің кесек тұлғаларынан, шашбаулары
сылдыраған қыз-келіншектердің жүріс-тұрысынан мен адамзаттың асқақ сұлулығын түйсіксіз байқағандай
болармын. Солардың бәрі мені аймалап, сүю үшін жаратылған жандар сияқты сезілуші еді.
Ол ол ма, анау асқар таулар, етектегі еңiстi шексіз дала, көгілдір аспан, түнде жымыңдаған жұлдыздар,
толықсып туған ай, жасыл жайлау – бәрі-бәрі тек маған ғана елжірей қарап, мені ғана аймалап әлдилейтін
сияқты еді. Дүние сенің сәби кезіңмен көргендегідей өмір бойы қайырымды, аспаны - күмбез, желі - жібек
әдемі ертек болып тұра берсе, кәне.
Тек оқта-текте ауылдың үстін, тау бөктерін тұнжыр бұлт торлайтын. Бұлт сонда үн-түнсіз шаруақор менің
әкеме ұқсайтын. Ал күн күркіресе, апамның ересек балаларына ақырып-зекіргені есіме түсіп, жым
боламын. Жаңбыр жауса - жас баланың көз жасындай, кімді аяйтынымды білмеймін, әлдекімге жаным
ашып, жаңбыр жауса жылағым келер. Биелер шұрқырап, құлындар құтырып, ауылды айнала шауып еріксіз
елеңдетеді. Ала-құйын айдалаға сен де жүгіре жөнелгің келеді. Енді бірде аспанға аң-таң боп қарап
қаласың. Буда-буда бұлттар жалы желбіреп шауып бара жатқан асау айғырлар сияқты. Кейде шепп жатқан
түйелер сиякты. Кішкентай қолдарыңды созып, сол керемет дүниеге ұшып барып, елгі канатты тұлпардын
ло ка) ҚАЗ
ответ:молю дайте ответ
Объяснение:
дайте ответ